Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендиаттарының есімдері белгілі болды

16 қараша 2020 ж. 8 0
news-image-main

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2020 жылғы 22 маусым мен 5 қыркүйек аралығында өткен Республикалық атаулы студенттік Стипендиялар байқауының қорытындысын шығарды.

Биыл байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 354 өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды. Оларға стипендиат сертификаттары табыс етіледі, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленеді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі беріледі.

Бұл байқау оныншы рет ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде Қордың стипендиаттары 719 адам болды. Бұл жобаның мақсаты жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін көтермелеу.

Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне ие болуы, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет. Стипендиаттар екі жыл оқу барысында GPA балы жоғары транскрипттермен, сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен, ғылыми жұмыстарының болуымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен өз жетістіктерін растайды.

Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші турда оқу орны Республикалық жарысқа қатысу үшін өзі белгілеген тәртіппен үздік студенттерді іріктейді. Одан кейін үміткерлердің өтінімдері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының конкурстық комиссиясына келіп түседі, онда жеңімпаздар қайта іріктеледі.

- Көп жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы Қазақстан студент жастарының белсенді және талантты өкілдері үшін жоғары мотивация және қолдау болды. Пандемия кезінде студенттер қашықтан оқыту форматына көшу, бір-бірімен әлеуметтік қарым-қатынастағы шектеулерге байланысты жаңа қиындықтарға тап болады. Ай сайынғы негізде стипендия алу сияқты қолдау бүгінгі қиын-қыстау кезеңде оларды жаңа табыстарға шабыттандырады және үздік оқуға ынталандыруды жалғастыра беретін болады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Қордың стипендиясы бір оқу жылына белгіленеді, ал оның иегерлері табысты оқуы үшін мемлекет белгілеген өзге де көтермелеулерге үміткер бола алады.

Жеңімпаздардың есімдерімен файлды жүктеп, танысуға болады.

 

Түсініктеме қалдыру