«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

Қазақстанда алғаш рет оқушыларға, студенттерге, педагогтарға және барлық тілек білдірушілерге арналған «Әркім бағдарламалай алады» атты ашық дәрістер өтеді. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, iTeacher Academy және ASBIS Қазақстан ұйымдастырады.

Әрбір қатысушы бағдарламалау негіздері туралы және осы шеберліктің қазіргі әлемде қажет жаңа мүмкіндіктер туралы көптеген пайдалы ақпаратты білудің бірегей мүмкіндігіне ие болады. Біз әр түрлі жастағы және бағдарламалауды меңгеру деңгейіндегі тыңдаушылар үшін онлайн-дәрістер дайындадық:

Дәріс кестесі:

30 қараша
14:00 – 14:30
Білім беру бағдарламасының ашылуы

14:30 – 15:30
Кімге: ата-аналарға
Тақырыбы: мектеп және үйде бағдарламалау
Дәріскер: Алина Слепушкина (Apple компаниясының білім беру жаттықтырушысы)

20:00 – 22:00
Кімге: студенттер мен бастауыш бағдарламашылар
Тақырыбы: Android әзірлеушісі: алғашқы қадамнан жаңа қосымшаға дейін
Дәріскер: Данияр Мұханов (Halyk Bank әзірлеушісі, Android үшін бизнес-қосымшалар әзірлеуші)

2 желтоқсан
14:00 – 16:00
Кімге: жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушыларына, студенттерге және болашақ бағдарламашыларға
Тақырыбы: университетте Swift тілін оқыту. IOS әзірлеуші мамандығы
Дәріскер: Денис Быструев (iOS әзірлеушісі.  learnSwift.ru негізін қалаушы)

3 желтоқсан
14:00 – 16:00
Кімге: әр түрлі деңгейдегі студенттер мен бағдарламашылар
Тақырыбы: iOS әзірлеуші мамандығы.  WWDC (Apple Worldwide Developers Conference) қатысушысы қалай боламын
Дәріскер: Филип Захарченко (App Store қосымшаларының авторы, Apple WWDC-тің 4 дүркін қатысушысы)

19:00 – 20:00
Кімге: мектеп мұғалімдеріне
Тақырыбы: мектеп және үйде бағдарламалау
Дәріскер: Алина Слепушкина (Apple компаниясының білім беру жаттықтырушысы)

Іс-шараға тіркеліп, әр спикер мен дәріс бағдарламасы туралы толығырақ https://www.codeweek.kz/ сайтынан білуге болады.

Егер сіз бағдарламалауды үйренгіңіз келсе немесе осы бағыт туралы көбірек білгіңіз келсе, онда бұл іс-шара сөзсіз сізге арналған!

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру
comments-author-avatar
Где мы будем подготовиться?