«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

2020 жылғы 27 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес «Қазақстандық мемлекеттілікті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес  бекіту - елдің табысты дамуының кепілі» атты халықаралық ғылыми онлайн-конференция өткізеді. Іс шара ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы күніне орайластырылған.

Онлайн форматта өтетін жас ғалымдардың халықаралық конференциясы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді саяси жаңғырту үдерісіне қосқан үлесін ұғынуға, тұрақты экономикалық өсімді сақтау моделін анықтауға, ұлттың мәдениеті мен руханиятын дамыту стратегиясын талдауға бағытталған.

Конференцияда «Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы Елбасының негізгі қағидаттары» пленарлық сессиясын, «Қазақстанның XXI ғасырдағы экономикалық жетістігі», «Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мұрасы», «Үшінші мыңжылдықтағы Қазақстанның мәдениеті мен руханилығы» пленарлық секциялары өткізіледі. 

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген талдауды талап ететін қазақстандық ұлттың экономикалық, саяси, мәдени және рухани болмысының аса маңызды аспектілері айқындалады. Оның негізінде конференцияға қатысушылардан тұратын жұмыс топтары шешімдер қабылдаудың нақты практикасында Елбасы салған Мемлекеттік басқарудың негіз қалаушы қағидаттарын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар үшін нақты ұсынымдар әзірлейтін болады.

Форум аясында пандемия кезіндегі заманауи зерттеулердің ең өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту жолдарын белгілеу жоспарлануда. Форумға қатысуға жастардың ғылыми қызметіне мүдделі ғалымдар мен ұйымдар шақырылады.

Мерзімі мен уақыты: 27 қараша, сағат 12:00  (Нұр-Сұлтан уақытымен).

Конференция көрсетілімі YouTube арнасында өтеді:

Қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=3c-ZsR5HSZA&feature=youtu.be  

Орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=UMlHSK3H5bU&feature=youtu.be

Конференция бағдарламасы:  Бағдарлама_27.11.20.pdf

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 185. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры. Тел.8(727)2581380, Едігеева Роза Мақашқызы.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру