«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ
news-img

23 қарашада Талдықорған қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Орнықты даму мүддесіндегі жаһандық проблемаларды жергілікті шешу» әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы –  «Дыбыссыз әлем» әлеуметтік маңызды жобасының тұсаукесері өтті.

«Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырған «Дыбыссыз әлем» жобасының міндеті - есту қабілеті бұзылған түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты идея авторларына стоматологиялық кабинетке арнайы жабдық – креслолары бар екі стоматологиялық қондырғы сатып алуға мүмкіндік берді.

«Тамшыбұлақ» ҚБ басшысы Жанат Төлемісова өзінің алғы сөзінде: «Жоба екі маңызды аспект бойынша әлеуметтік болып саналады – бұл біріншіден, есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар медициналық колледждің алты түлегін жұмысқа орналастыру, екіншіден, стоматологиялық протездеу қызметтері мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер, ардагерлер, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін жеңілдікті бағамен ұсынылады», - деп атап өтті.

Айта кетейік, Талдықорған жоғары медициналық колледжінде екі жыл бұрын елімізде алғаш рет есту қабілеті нашар мүгедек студенттер үшін «Тіс технигі»  біліктілігімен «Стоматологиялық ортопедия»  оқу бағдарламасы ашылды.

Алғашқы түлектер Елдар Оразжанов, Жанель Төлепбекова, Әлішер Төлепбеков, Дәурен Қанафин, Ілияс Әлімбаев, Данияр Мұса. Олар жабдықталған кабинеттің алғашқы маманы атанды.

Жас мамандарды жұмысқа орналасуымен және әлеуметтік жоба авторларын құттықтауға Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев, Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры Серік Жансеңгіров, Қазақ саңыраулар қоғамының басшысы Раушан Бексұлтанова, стоматология кабинетін жайластыруға қолдау көрсеткен кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері жиналды.

Тұсаукесер қонақтары «Дыбыссыз әлем»  жобасы ерекше қажеттіліктері бар жас мамандарды толыққанды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге ғана емес, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да ықпал ететінін атап өтті.

Болашақта Қор грантының иегерлері  Алматы облысының барлық аудан орталықтарында Талдықорған қаласындағы медициналық колледждің есту қабілеті бұзылған «Тіс технигі»  мамандығының әрбір түлегі үшін кабинеттер ашуды жоспарға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының
Алматыдағы өкілдігі

PR-менеджер Артур Жұмашев
e-mail: pr.zhumashev@gmail.com
+7 708 960 56 13

Түсініктеме қалдыру