«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»
Толығырақ
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады»
Толығырақ
«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны»
Толығырақ
«Менің Ұлт Көшбасшысы ретіндегі мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтана алатындай деңгейге көтеру»
Толығырақ

Біздің Миссиямыз – талантты жастарға көмек көрсету, қоғамдық маңызды әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы қоғамның шексіз әлеуетін дамыту.

Біз ғылым және өнер жолындағы талантты жастарды қолдау үшін жан-жақты қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Қазақстандық қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын жүзеге асыруға ықпал етеміз.

Біз саясат, экономика, халықаралық қатынастар және қауіпсіздік секілді мәселелер бойынша диалог тұғырнамасын қалыптастырамыз.

Миссиямыз арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басты идеяларына қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының бейілділігін нығайтуға тырысамыз.

Өз жұмысымызда барлық мүдделі тараптарға ашықпыз.