Әлемдік экономика және саясат институты
Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) 2003 жылы құрылып, Қазақстанның жетекші «ойлау орталығына» айналды. ӘЭСИ - заманауи әлемнің өңірлік және ғаламдық міндеттерін талқылауға арналған ашық тәуелсіз сараптама алаңы.
Институт әлемдік экономика, геосаясат, қауіпсіздік, біріктіру және еуразиялық мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарға белсенді қатысады. Халықаралық деңгейде Қазақстан мен оның сыртқы саясаты туралы анық және дұрыс ақпарат таратып, шетелдік сараптамалық орталықтармен ынтымақтастық орнатады.
Институт сарапшыларының тобын Салтыбаев Ержан Айдарұлы басқарады.
Барлық сараптамалық материалдар – журналдар, мақалалар, баяндамалар және т.б. – қолжетімді.
ӘЭСИ қызметімен ресми сайтта толығырақ танысуға болады.