Жоба туралы ақпарат

«Қамкорлық» оқыту орталығы» Әлеуметтік коворкинг орталығы

Бағыт типі

Әлеуметтік

Жауапты тұлғалар

Нұрханова Маржан Ерболқызы
Жоба менеджері
kamkorlyk2019@gmail.com

«Қамкорлық оқыту орталығы» Әлеуметтік коворкинг орталығы - халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына бағыт-бағдар беретін инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытудың коворкинг орталығы.

Жоба аясында бірнеше ҮЕҰ-ны біріктіріп, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына болашақта жұмысқа орналасуға немесе өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін бір алаң ашу жоспарлануда.

Алаң бірнеше аймаққа бөлінеді, сондай ақ  фитнес зал мен балаларға арналған шағын орталық ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан бөлек  платформаны іскерлік және білім беру іс-шараларына қолдануға болады. Орталық  әлеуметтік бағыттағы кәсіпқойлар, еріктілер мен мұқтаж адамдардың басын біріктіреді.