image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 05.06.2023 - 08.09.2023

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік шәкіртақының кезекті республикалық байқауын жариялайды. Ол 2010 жылдан бастап жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.

Байқауға қатысу үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасы оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттерін шақырамыз:

• кемінде екі курсты сәтті аяқтағандар;
• әрбір оқу жылындағы академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштері (үздік үлгерімі) бар;
• қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысатындар.
• республикалық, халықаралық фестиваль мен байқауларда жетістікке жеткендер («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін).

Айта кетейік, байқауға барлық талапқа сай келетін тегін және ақылы негізде оқитын студенттер бірдей шартпен қатыса алады. Қордың шәкіртақысы дербес, бір оқу жылына (екі семестрге) белгіленеді және маусым, шілде және тамызды қоспағанда ай сайынғы негізде төленеді.

Өтінім қабылдау мерзімі: 8 қыркүйек 2023 ж

Төменде ереже және өтінім үлгісі берілген. Өтінімді рәсімдемес бұрын ережемен мұқият танысуды сұраймыз.

Қазақ тіліндегі ереже
Орыс тіліндегі ереже.

Құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек:

Қазақстан Республикасы, 050045 (A17A9K8), Алматы қ., Бағанашыл ш/а., Строительная көшесі, 11/1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Байланыс нөмірі:

• Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).

• «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін - 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы).

 
 

 

 

Түсініктеме қалдыру