Байқаудың өткізілу уақыты: 20.10.2023 - 20.12.2023
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Бесінші рет өтетін ұйымдастырылған байқау игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлесін қосатын және өзінің игі ісімен өзгелерді ынталандыратын тұлғалар қатыса алады.
Байқауға қызметі мемлекеттік қолдаумен (грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды.
Байқау лауреаттары мына номинациялар бойынша анықталады:
- «Асар» - қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдарға арналған номинация;
- «Туған жер» - білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салада туған жерге қайырымдылық көмек көрсететіндер үшін;
- «Батыл жүрек» - батырлық пен жанқиярлық үшін. Бұл номинацияда шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т.б.) арасында қосымша жеңімпаз атағы тағайындалуы мүмкін;
- «Мейірім жолында» - белгілі бір уақыт ішінде тұрақты өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;
- «Қайырымдылық тарихы» - номинация қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке және/немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-қа беріледі;
Байқау қатысуға өтінім 2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады.
Байланыс нөмірлері: 8 (7172) 79 15 95; 8 701 512 55 00 жоба үйлестірушісі Бақыт Төлеғұл.