image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 30.04.2024 - 10.07.2024

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік стипендиялардың кезекті республикалық байқауын жариялайды. Ол 2010 жылдан бастап жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімі студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.

Байқауға қатысу үшін мына талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасы оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттерді шақырамыз:

    •  ең кемі оқудың екі курсын сәтті аяқтағандар;

    •  әрбір оқу жылында академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіші (үздік үлгерімі) бар;

    •  қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысатындар.

    •  республикалық, халықаралық фестивальдар мен байқауларда жетістіктері бар («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін).

Айта кетейік, байқауға барлық талапқа сай келетін және тегін және ақылы негізде білім алатын студенттер бірдей шартпен қатыса алады. Қордың стипендиясы дербес болып табылады, бір оқу жылына (екі семестрге) белгіленеді және маусым, шілде және тамызды қоспағанда ай сайын төленеді.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 жылы 10 шілде

Төменде қатысу ережесі мен өтінім беру формасы көрсетілген. Өтінімді рәсімдемес бұрын ережермен мұқият танысуды сұраймыз.

    •  Қазақ тіліндегі ереже

    •  Орыс тіліндегі ереже

Құжаттарды мына мекенжайға жіберу керек:

Қазақстан Республикасы, 050045 (A17A9K8), Алматы қ., Бағанашыл ш/а., Строительная көшесі, 11/1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры.

Толық ақпарат:

    •  Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).

    •  «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқитын студенттер үшін – 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Ысмайлов Тимур Мұратұлы).

Түсініктеме қалдыру