image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 29.02.2024 - 15.04.2024

Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы
«Қазақстандықтардың білімін арттыру - әл-ауқаттың өсуіне жол»
2024 ХХ Республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Қазақстандықтардың білімін арттыру - әл-ауқаттың өсуіне жол» атты Әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын, қаржылық, құқықтық, мәдени, кәсіби сауатын арттыру сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Байқау Әлеуметтік идеялар мен жобалардың жыл сайынғы жәрмеңкесі аясында өтеді, оның негізгі идеясы білім беруді арттыру және экономикалық жағдайы төмен халық тобының функционалдық сауатсыздығын төмендету арқылы қоғамды дамыту. Бұл сауаттылық дамуға, елдің экономикалық және саяси өміріне саналы түрде қатысуға мүмкіндік береді. Білімді халық сындарлы шешімдер қабылдауға, билік органдарымен белсенді қарым-қатынас жасауға және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті. Халықтың білім беру құзыреттілігін арттыру сауаттылықты дамытуда және теңсіздікті төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сауаттылық елдің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады және экономикалық жағдайды жақсарту, кедейлік деңгейін төмендету, демократия мен азаматтық қоғамды нығайту, қоғамның әлеуметтік дамуы сынды қоғамның түрлі саласындағы прогреске ықпал етеді. Мына номинациялар бойынша қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған:

Әлеуметтік идеялар және жобалар байқауының тақырыптық бөлімдері (номинациялары)

№1 Номинация
«Қаржылық сауаттылық ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде»

Бұл номинацияда мына бағыттағы жобалар қарастырылады:
- халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруды дамыту. Бұл ересектерге, балаларға, отбасыларға, жұмыссыздарға, инклюзивті және жергілікті қауымдастықтарға арналған білім беру іс-шараларының кешені: қаржылық сауатты дамытуды ынталандыратын бағдарламалар мен жобалар, семинарлар, тренингтер, брифингтер, көшпелі презентациялар, қаржылық сауатты арттыру «апталығы, әртүрлі мақсатты топтарға арналған жеке қаржылық кеңестер, сонымен қатар, өңірлерде қаржылық сауат бойынша ақпараттық науқандар циклі;
- өз бюджетін жоспарлау, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау және қаржыңызды басқару, несиені таңдау мен төлеуге жауапкершілікпен қарау, қаржылық қызметтер мен өнімдерді дұрыс таңдау, қажетті және сенімді қаржылық ақпаратты тауып, пайдалана білу, қаржылық алаяқтық белгілерін ажырата білу, қаржылық қызметтер нарығындағы тәуекелдерді түсіну, қаржылық келісімшарттар жасасу кезінде неге ерекше назар аудару керектігін білу қабілеттерін дамыту және т.б.;
- халықтың хабардар болу дәрежесін арттыру үшін сайттар, порталдар, әлеуметтік желілер, чат-боттар, электрондық пошта сынды аудиторияны әртүрлі цифрлық арналармен қамту ұсынылады. Сонымен бірге оқу бағдарламалары, қаржылық сауат бойынша онлайн қосымшалар;
- жалпы халықтың қаржылық сауатын арттырумен қатар мектеп оқушылары мен жастарға арналған жекелеген кешенді бағдарламаларды, мектептердегі қаржылық сауат апталығын, интерактивті дәрістерді, білім беру байқауларын, жарыстар мен ойындарды, соның ішінде онлайн-олимпиадаларды әзірлеу, сонымен бірге қаржы негіздерін оқытуда факультативтер ұйымдастыру, дебаттар және балалар ТВ бағдарламалары;
- қаржылық денсаулыққа қол жеткізу және тұтастай алғанда елдің экономикалық әл-ауқатын арттыру үшін мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері мен қаржы ұйымдары арасындағы үйлестіруді жақсарту бойынша жаңа технологияларды енгізу;

№2 Номинация
«Азаматтарды жұмыспен қамтудың артуының маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және практикалық дағдыларды дамыту»

Бұл номинацияда мына бағыттағы жобалар қарастырылады:
- Жұмыспен қамтудың өсуіне, халықтың табысын ұлғайтуға және кедейлік деңгейін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және жалпы өңір экономикасын дамытуға ықпал ететін халықтың сауатын арттыру;
- өзін-өзі дамыту, өз кәсібін ашу, жаңа жұмыс орындарын құру және өңір экономикасын өркендету үшін мүмкіндіктерді дамыту;
- шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тиімді басқару және дамыту үшін қажетті жаңа технологияларды игеру және дағдыларды дамыту;
- тұрақты өмір сүру құралдарына, кәсіпкерлік мүмкіндіктер мен өндірістік ресурстарға қолжетімділікті жақсарту;
- мемлекеттік бағдарламалар тетіктерін жетілдіру, құқықтық сауатты арттыру арқылы мемлекеттік және әлеуметтік сектор арасындағы тұрақты жүйелі өзара іс-қимылды дамыту;
- қайырымдылық, меценаттық және волонтерлік және қаржыландырудың өзге де заманауи нысандары арқылы ауылдық КЕҰ-ны қолдау тетіктерін құру;
- жұмыспен қамтылмаған азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың экономикалық жағдайын арттыру, лайқыты жұмыс табу, ақпаратқа көбірек қол жеткізу үшін мүмкіндіктерді дамыту, еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жаңа технологияларды, білім мен дағдыларды игеру;
- балалар мен жастарды табысты жұмысқа орналастыру, табысты мансап құру және өз ісін ашу мақсатында олардың жеке және кәсіби дамуына жәрдемдесу;
- мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және кәсіби тұрақтылығын арттыру, мүгедектігі бар адамдардың бизнес-үдерістерін қайта біріктірудің жаңа модельдерін енгізу, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырумен айналысатын КЕҰ-ның кәсібилік деңгейін арттыру;
- қаржылық сауаттылық дағдыларын оқыту үшін білім беру жүйесінде әлеуметтік кәсіпкерліктің экожүйесін құруды, сонымен қатар, мүгедек адамдар мен жұмыссыз жастарға арналған кәсіпорындарда, жеке компанияларда үздіксіз білім беру орталықтарын құруды қамтамасыз ететін құралдарды енгізу;
- бизнес компаниялармен серіктестікте жергілікті қоғамдастықтардың жергілікті қорларын құру арқылы экономикалық мүмкіндіктер жасау және азаматтардың экономикалық жағдайын жақсарту;
-өңірлердің игерілмеген ландшафтық кеңістігін (орман, шөл, шөлейт) дамытуға жергілікті қауымдастықтарды тарту және халық қолөнерінің сирек түрлерін игеру арқылы әлеуметтік-экономикалық деңгейді арттыру және жұмыссыздықты төмендету;
- адамның тұрақты дамуы үшін аумақтық желілер құру, осал қоғамдастықтардың, соның ішінде кездейсоқ табыс есебінен өмір сүретін көші-қон жұмысшыларының қажеттілігін анықтау, білім беру бағдарламаларын іске асыру, ауыл халқының қалаларға кетуін төмендететін ақпараттық және техникалық қолдау;
- білім беру іс-шаралары кешенін, қарқынын, тағылымдамадан өту және тәлімгерлік жүйесін құру арқылы, сонымен қатар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қауымдастығын дамыту және тәжірибелі және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер арасында көлденең байланыстарды қалыптастыру арқылы экономикалық сауаттылық білімінің базалық деңгейін, кәсіпкерлік қызметке қызығушылықты қалыптастыру.

№3 Номинация
«Жеке өсу үшін білім беру құзыреттері»

Бұл номинацияда мына бағыттағы жобалар қарастырылады:
- эмоционалды интеллект пен эмоционалды коммуникацияны дамытуға ықпал ететін халықтың сауатын арттыру; саяси өмірге саналы түрде қатысу, негізделген шешімдер қабылдау, ақпаратты талдау және өз ұстанымын білдіру, қоғамдық іс-шараларға, сайлауға белсенді қатысу және қоғам дамуына түрлі ұсыныстар енгізу үшін сауаттылықты арттыру:
-ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүретін адамдардың және олардың ұйымдарының құқығы мен мүмкіндігін кеңейту;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әйелдерге үйлесімсіз әсер ету мәселесін шешу;
- білімге қол жеткізуді, қоғамның экономикалық және саяси өміріне саналы түрде қатысуды қамтамасыз ету және азаматтық сананы қалыптастыру;
- сыни және талдамалық ойлауды, адамның жеке және кәсіби бірегейлігін, жұмыс іздеу дағдыларын, қоғамдағы өзгерістерге бейімделу және өзін-өзі дамыту, мансаптық өсу мен қоғамдық өмірге қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу үшін мүмкіндіктерді дамыту;
- жеке дамуды, эмоционалды интеллектті дамыту, салауатты өмір салтын және өзін-өзі дамытуды қолдау.

Жәрмеңкені өткізу мерзімі
I кезең (2024 ж. 29 ақпаннан 15 сәуірге дейін) - белгіленген талаптарға сәйкес байқау өтінімдері мен байқау құжаттамасын қабылдау, бастапқы іріктеу.
II кезең (2024 ж. 22-30 сәуір аралығында) - жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (үздік 50 жоба).
III кезең (2024 ж.13-14 мамыр) - Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде үздік 50 жобаны онлайн қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Байқауға қатысу үшін өтінім MSWord форматында қазақ немесе орыс тілінде, innovaproekt@fnn.kz поштасына электронды түрде ұсынылуы керек

Байланыс нөмірі:
Ершиманова Гүлнәр Орынбасарқызы, телефон нөмірі: 8 (727) 339-65-37, е-mail: innovaproekt@fnn.kz

Байқауға қатысуға өтінім. Word форматында жүктеу
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы туралы ереже. Word форматында жүктеу.

Назар аударыңыз! Байқауға өтінім бермес бұрын өтінімді толтыру жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Word форматында жүктеу

 

Түсініктеме қалдыру