faq-img

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарлама ел экономикасын дамытуға өз үлесін қосуға бағытталған нақты саладағы жоғары деңгейдегі сарапшыларды дамытуға бағытталған.
Бағдарлама Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасы. Бағдарлама ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесімен бірге іске асырылатын болады.
Бағдарламаның мақсаты - 200 салалық сарапшыларды тарту және іріктеу, олардың ішінен экономиканың негізгі салаларын трансформациялау мәселелерін шешетін өзгерістерді басқару жөніндегі менеджерлер командаларын оқыту және қалыптастыру.

Бағдарламаның іске асырылуын жалпы бақылауды басқарушы комитет жүргізеді, оның құрамында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен салаға жетекшілік ететін Министрлер бар.
Басқарушы комитет кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын және салалар бойынша негізгі міндеттердің тізбесін бекітті, оларды шешу жолдарын менеджерлер құрамы анықтайды. 

 

 

Нақты салалық міндеттерді шешуге бағытталған командалар 6-7 адамнан тұрады:
1) команда жетекшісі;
2) 3-4 сарапшы;
3) 2 маман
Бағдарламада әр қатысушы үшін оқыту сессиялары қарастырылған.
Бағдарламада Жұмыспен қамтудың икемді тәсілі және қатысудың 3 нұсқасы ұсынылады.

1. Методология
- Жұмыс тобын қалыптастыру;
- Ережені әзірлеу;
- ҚК қалыптастыру;
- салалық міндеттер тізімін қалыптастыру.
2. Бағалау
- үміткерлердің рекрутингі;
- Комиссия құрамын бекіту;
- скрининг;
- орталықтың ассессменті және құзыреттілігі бойынша сұхбат.
3. Бағалау және іріктеу
- рейтинг базасында үміткерлердің Short list комиссиясымен сұхбаты;
- үміткерлерді іріктеу;
- үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы;
- қатысушылардың тізімін бекіту үшін ҚК отырысы;
- бағдарламалар.
4. Оқыту
- топтық оқытуды ұйымдастыру (soft skills);
- ОЖБ құру;
- шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер.
5. Коучинг
- коучинг тренерлермен/менторлармен жұмыс.
6. Салалық командалар
- үміткерлер рекрутингі;
- Комиссия құрамын бекіту;
- скрининг;
- орталықтың ассессменті және құзыреттілігі бойынша сұхбат.
7. Жүзеге асыру
- салалық командалар аясында міндеттер бойынша жұмысты бастау;
- салалық командалар аясындағы міндеттер аясындағы жұмыс.
8. Оқыту - 2-кезең
- салалық оқыту;
- ментормен жұмыс;
- салалық тағылымдамалар;
- жеке оқыту.

9. Есеп
- ҚК-де алдын ала жетістіктерді таныстыру.
10. Жүзеге асыру
-
салалық командалар аясындағы міндеттер бойынша жұмыс.
11. Есеп
-
жыл қорытындысы бойынша алдын ала жетістіктердің презентациясы .

Үміткерлерді бағалау тестілеу жүргізу, әңгімелесу (терең сұхбаттасу, құзызыреті бойынша сұхбаттасу), жағдаяттық тапсырма, бизнес-кейстер бойынша жүргізіледі. Үміткерлерді бағалау үшін кәсіби асессорлар және психологтар (HRмамандар), сондай-ақ халықаралық сарапшылар шақырылады.

Үкіметтің жобалық кеңсесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының экономикалық тиімділігіне ие болатын 11 саладағы міндеттерді таңдап алды. Олар:  сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (жаңа өндірістерді қоса алғанда), су ресурстары, аймақтық даму және  қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, медиа индустрия, геологиялық барлау.

Сауда және логистика:

  1. Дүниежүзілік банктің логистикалық тиімділік индексінде (LPI) Қазақстанның жағдайын жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  2. Сауданы дамыту бойынша жаңа бастамалар әзірлеу;
  3. Сауда инфрақұрылымын дамыту;
  4. Қызмет экспортының бағдарламасын жасау.

Құрылыс:

  1. Құрылыс жобаларын жоспарлау және жобалау тәсілдері;
  2. Құрылыстың жаңа технологияларын енгізу (стандарттар, BIM технологиялары);
  3. Инженерлік желілерді жоспарлау және модернизациялау, шығындар тиімділігін бағалау әдістемесін жасау;
  4. Тұрғын үй құрылысына жеке секторды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу.

Ауыл шаруашылық:

  1. АӨК субъектілерін субсидиялау тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;
  2. АӨК субъектілерінің ынтымақтастық құралын орталықтандыру (50 пилоттық кооперативті құру);
  3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша шараларды әзірлеу.

Индустриализация және өндірістің жаңа салалары:

  1. Отандық кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және технологиялық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаруға, соның ішінде автоматтандыру және цифрландыру  арқылы ынталандыру шараларын жандандыру;
  2. Индустриялық дамудың экспортқа бағытталған моделіне көшуді қамтамасыз ету;
  3. Шетелдік инвесторларды мақсатты түрде тарту арқылы жаһандық тізбекке интеграциялау;
  4. Жеке қазақстандық брендтерді сыртқы нарыққа шығару және оны дамыту жолдары;
  5. Ғылыми және технологиялық дамудың салааралық жоспары арқылыбасым технологиялық бағыттарды  (форсайтты зерттеулер) анықтау; 
  6. Креативті индустрияны дамыту.

Су ресурстары: 

  1. Су ресурстарын дамыту бағдарламасын әзірлеу;
  2. Су қожалықтарын басқарудың аймақтық бағдарламасын (пилоттық жоба) әзірлеу;
  3. Су ресурстары жүйесінің институционалдық трансформация (су ресурстары саласындағы мекемелердің модельдерін жасау);
  4. Су  ресурстары саласындағы бұрын басталған жобаларды аяқтау ресурстары саласындағы бұрын басталған жобаларды аяқтау (ұзақ мерзімді 12 құрылыс);
  5. Су шаруашылығында МЖС тетіктерін қолдану;
  6. Тасқындарды басқару жүйесі;
  7. БҰҰ тұрақты дамуының №6 мақсаты «Баршаға су ресурстары мен санитария ресурстарының қолжетімділігі мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету».

Аймақтық даму және қалаларды басқару:

  1.  Моно және шағын қалаларды дамыту стратегиясын әзірлеу (пилоттық жобалар);
  2. Халықтың кірісін арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ірі мегаполистерді қоса алғанда, аймақтарды дамыту мен басқарудың үлгілік моделін жасау (мысалы, жекелеген аймақтар).

Туризм, мәдениет және спорт:

  1. Туристік қызметтер мен өнімдерге стандарттар әзірлеу;
  2. Үздік 10 туристік бағытты дамытуға инвестиция тарту;
  3. Мәдени және спорттық нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру;
  4. Спорт индустриясына жаңа кадрлар жүйесін әзірлеу.         

Білім:

  1. Отандық ғылымның тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру (коммерцияландыру);
  2. Оқу орындары басшыларына арналған оқу бағдарламасын әзірлеу (университет ректорлары мен мектеп директорлары);
  3. Орта білім беруде жан басына қаржыландырудың тиімді моделін енгізу;
  4. Оқытушыларды оқытудың және тартудың тиімді жүйесін құру және енгізу.
  5. Мектепке дейінгі білім беруді қамту және арттыру моделін енгізу.

Денсаулық сақтау:

  1. Халықтың кең қатысуымен аурудың алдын алудың тиімді бағдарламаларын жасау;
  2. Бас дәрігерлерді даярлау бағдарламасын әзірлеу (бас дәрігерлерге арналған мектеп құру);
  3. МЖС мен денсаулық сақтау саласындағы жеке тәжірибені дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  4. Медициналық туризмді дамыту;
  5. Ауруханалардың медициналық қызметтеріне тарифтерді жетілдіру.

Медиа индустрия:

  1. Медиа кеңістігін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру;
  2. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді насихаттау (13 мемлекеттік бағдарлама);
  3. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын басқарудың тиімділігін арттыру және оларды өзін-өзі қамтамасыз етуге тарту.

Геологиялық барлау:

  1. 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;
  2. «Қазақстан Республикасының минералды ресурстарының ұлттық дерек қоры» АЖ құру;
  3. Қазақстанның Геологиялық Барлау Қызметін құру;
  4. «Қазгеология» ҰК» АҚ-ны пайдалы қазбаларды мемлекеттік геологиялық барлау жөніндегі ұлттық операторы ретінде белгілеу;
  5. Камералық жұмыс және мұрағаттық геологиялық ақпаратты талдау және перспективалық инвестициялық жобаларды анықтау;
  6. «Қазақстан Республикасының геологиялық саласын қайта жаңарту» ұлттық стратегиясы;
  7. Геологиялық кластер құру.

Команда көшбасшысы:
Тәжірибе:
Салалық бастамалар саласындағы терең кәсіби білім және негізгі дағдылар, саланы сарапшылық деңгейінде түсіну, индустрияның әлемдік трендін білу, Қазақстан Республикасы мен серіктес елдердің нарықтық жағдайларын білу;
Қазақстандық / халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 10 жыл тәжірибесінің болуы;
Басқарушылық және жобаны кешенді басқарудың кемінде 5 жылдық тәжірибесі, оның ішінде басқарылатын ресурстарды үздіксіз оңтайландыру қажеттілігі, стратегия құру деңгейінде дәлелденген дағдылар, бірнеше функциялар мен процестерді жоспарлау және интеграциялау;
Деректерді талдау мен интерпретациялауға, оның ішінде бағдарламалық бастамаларды дамытуға негізделген стандартты емес тәсілдер мен ұсыныстарды құру мақсатында күрделі аналитикалық есептеулерді жүргізу үшін күшті аналитикалық және қаржылық дағдылар;
Белгісіздікті жеңе білу, ұйымдастырушылық қиындықтарды бағдарлай білу және  өзгеретін бизнес қажеттіліктері мен басымдықтарына жауап беру үшін икемді болу;
Жеке жетістіктерін растау;
Жобалық тәсілді қолдана отырып, топтық жұмысты құру мүмкіндігі;
Келіссөз жүргізу дағдылары (сендіру, өзара тиімді бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары;
Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі;
Салалық бастамалар саласындағы заңнаманы білуі;
MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде Excel/Python немесе басқа бағдарламалардың көмегімен деректерді талдау мүмкіндігі.
Құзыреті:

Күрделі мәселелерді талдау және шешу; Топ құру және дамыту; Нәтижені бағдарлау; Өзара тиімді серіктестік құру; Өзгерістерді басқару;  Көшбасшылық.

Салалық сарапшы
Тәжірибе:
Сарапшы деңгейінде саланы білу және түсіну, әлемдік индустриялық тренді түсіну, Қазақстан Республикасының және серіктес елдердің нарықтық жағдайын білу;
Қазақстандық /халықаралық компанияларда/ мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Жеке жетістіктерін растау;
Салалық бастамалардағы заңнаманы білу;
Мықты аналитикалық дағдылар, деректермен жұмыс істеу қабілеті, соның ішінде деректердегі жаңа қатынастарды табу және іскерлік қызметті жақсарту үшін оларды түсіндіру мүмкіндігі;
Ірі күрделі мәселелерді шеше білу;
Жобалау тәсілдерін білу;
MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде формулаларды пайдаланып, деректерді талдау.
Құзыреттер:
Топпен жұмыс жасау дағдылары;
Коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашық болу;
Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
Әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогқа белсенді қатысу мүмкіндігі;
Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау);
Ұйымдастырушылық өзгерістер мен қайта құрулардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал ету;
Нәтижені бағдарлау.

Салалық маман
Тәжірибе
Саланы білу және түсіну, жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР және серіктес мемлекеттердің нарығының конъюктурасын түсіну;
Қазақстандық /халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
Оқуға деген жоғары қабілеті;
Салалық бастама саласында заңнамаларды білуі;
MSOffice (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, оның ішіндеExcel/Python және басқа бағдарламалардың көмегімен мәліметтерді талдай білуі;
Ақпараттың көп көлемімен жұмыс істей білуі;
Сауатты ауызша сөйлеу және жаза білу;
Ағылшын тілін жетік меңгеру.
Құзыреттіліктер:
Аналитикалық саралау;
Командада жұмыс істеу дағдыларының дамуы;
Коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашық болу;
Нәтижеге деген бағыттама;

Бағдарлама аясында оқыту қатысушылардың салалық/қызметтік білімдерін  жаңа дағдылар мен икемділікті үйреніп, сондай-ақ көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама барысында қатысушылармен  жеке даму жоспарын жасауға және қолдауға арналған жеке коуч-сессиялар өткізу жоспарланған.

Оқу келесі дағдылар мен құзыреттерді үйренуге бағытталады:

Бизес-аналитика, шешім қабылдау үшін мәліметтерді өңдеу және визуализациялау (PowerQuery, PowerPivot, PowerMap), үлкен мәліметерді басқару және машиналық оқыту, өзгерістерді басқару, жобалық кеңсені енгізу және жобалық басқару негіздері,  бизнесті бағалау, операциялық менеджмент (түрлі салалар үшін Theory of Constraints, TotalQualityManagement, SixSigma, Leanproduction қолдану),  маркетингтік зерттеу,  (компьютерлік модельдеудің көмегімен маркетинг саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау), жоспарлау және бюджеттеу, тәуекелдерді басқару, қаржы және инвестициялар, бизнесті цифрлық трансформациялау негіздері және қолданатын құралдар, тиімді коммуникациялар, келіссөз жүргізу, сөйлесу интеллекті, сыни ойлау қабілеті және эмоциялық көшбасшылығы, өзін-өзі ұстау стилін тану, көшбасшының негізгі қабілеттері және т.б. 

Бағдарлама аясында оқу сессиялары лек бойынша жүргізіледі, топта 20-25 адамнан көп болмайды.  Егер қатысушы сессияны жіберіп алса, оның келесі лекке қатысуына мүмкіндік болады, сонымен бірге демалыс күндердің топтары ұйымдастырылады.

Қатысушылар үшін жеке кабинет ашылады, ол сабақтың кестесі, оқу бағдарламасы және тренер туралы ақпарат алып, қатысуын растап немесе басқа күнді таңдап, оқудың тиімділігін бағалай алады.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде өз салалары бойынша жетекші институттар мен кәсіпорындарда тағылымдамадан өту ұйымдастырылады.

Бағдарламаға қатысу  өзінің жеке қызметіне қосымша ауыртпалықты ұсынады, қашықтан жұмыс істеу, демалыс күндері мен кешкі уақытта жұмыс істеуді қарастыратын команда жұмысын құрайтын икемді тәсілдер көзделген. Команда көшбасшылары басқаратын әр-бір команда командалық жұмысты орындау үшін өзінің жеке тәсілін қолдана алады.  

Иә, бағдарламада сарапшылардың қашықтан қатысуы көзделген.  Әр сала бойынша  онлайн платформа негізінде  дискуссиялық алаңдар құрылады, онда бағдарлама қатысушылары пікір таластырып, саладағы шоғырланған мәселелерді талқылайды

Аталмыш бағдарлама ерекше мүмкіндіктер береді:

  • Ел экономикасының дамуына өз үлесіңді қосасың;
  • Сенің пікіріңе құлақ асады;
  • Сала дамуына бағыт бересің;
  • «Үкіметтің Ұлттық кеңесшісі»  дәрежесіне ие боласың;
  • Жоғары деңгейлі кәсіби мамандардан тәлім алып, тәжірибе бөлісесің, сарапшылық білімге қанығасың;
  • Профессионалдар командасының бір бөлігі ретінде саладағы өзекті мәселені шешуде өз тәжірибеңмен бөлісесің;
  • Көшбасшылық әлеуетіңді бағалап, жеке коучинг түрінде қолдау табасың;
  • Әзірленген жаңа тәсілдер  мен стандарттар арқылы салаланың жаңа мәселелерін шешетін болашақ буынды  дайындайсың;
  • Оқыту бағдарламасы арқылы халықаралық тәжірибемен танысып, і оны салаға енгізу үшін тәжірибе жинайсың;
  • Негізгі позицияларға жұмыспен қамтыласың. 

Бағдарламаның іске асырылуын жалпы бақылауды басқарушы комитет жүргізеді, оның құрамында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен салаға жетекшілік ететін Министрлер бар. Басқарушы комитет кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын және салалар бойынша негізгі міндеттердің тізбесін бекітті, оларды шешу жолдарын менеджерлер құрамы анықтайды.

Ақшалай сыйлық қарастырылмаған, бірақ Бағдарлама қатысушылары ереше мүмкіндікке ие болады: 

  • ел экономикасының дамуына өз үлесін қосу, Пікірін айтуға,
  •  "Үкіметтің ұлттық кеңесшісі" статусын иеленуге,
  • Жоғары деңгейлі кәсіби мамандардан тәлім алып, тәжірибе бөлісесің, сарапшылық білімге қанығасың;
  • Көшбасшылық әлеуетіңді бағалап, жеке коучинг түрінде қолдау табасың;                                                       
  • Бұдан бөлек  Бағдарламаға қатысушылар бірқатар мамандандырылған курстардан өтеді, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару, көшбасшылық, коммуникация, аналитикалық дағдылар саласында қосымша білім мен дағдыларға ие болады;
  •  салалық / функционалдық оқытудан өтеді. Сондай-ақ, олар халықаралық сарапшылармен жұмыс жасаудың ерекше мүмкіндігіне ие болады.

Тағылымдама жетекші институттар мен өз салаларындағы кәсіпорындарда өтеді.

Бағдарлама қатысушылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен және жетекші халықаралық сарапшылармен жүйелі түрде өзара әрекеттесуге мүмкіндік алады.

Арнайы тәлімгерлік бағдарлама қарастырылған.

Тәлімгер ретінде мемлекеттік және жеке секторда, соның ішінде шетелде жұмыс істейтін мамандарды тарту жоспарлануда.                     

Бағдарламаға қытасу тегін. Аталмыш бағдарлама ерекше мүмкіндіктер береді:

  • Ел экономикасының дамуына өз үлесіңді қосасың;
  • Сенің пікіріңе құлақ асады;
  • Сала дамуына бағыт бересің;
  • «Үкіметтің Ұлттық кеңесшісі»  дәрежесіне ие боласың;
  • Жоғары деңгейлі кәсіби мамандардан тәлім алып, тәжірибе бөлісесің, сарапшылық білімге қанығасың;
  • Профессионалдар командасының бір бөлігі ретінде саладағы өзекті мәселені шешуде өз тәжірибеңмен бөлісесің;
  • Көшбасшылық әлеуетіңді бағалап, жеке коучинг түрінде қолдау табасың;
  • Әзірленген жаңа тәсілдер  мен стандарттар арқылы салаланың жаңа мәселелерін шешетін болашақ буынды  дайындайсың;
  • Оқыту бағдарламасы арқылы халықаралық тәжірибемен танысып, і оны салаға енгізу үшін тәжірибе жинайсың;
  • Негізгі позицияларға жұмыспен қамтыласың.