news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес 2023 жылдың ақпан айында II халықаралық жас ғалымдар форумын (ғылым форумы) өткізеді.

Форум аясында «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесін өткізу (үздік аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді көрсету) жоспарланған.

Көрменің мақсаты – жастардың ғылыми-инженерлік көзқарас саласындағы үздік жетістіктерін насихаттау және дамыту, озық тәжірибені тарату және аяқталған тәжірибелік-конструкторлық үлгілер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді көрсету.

Көрменің қорытындысы бойынша қор тарапынан ынталандыратын ғылыми жобаларды анықтау жоспарланып отыр. Көрменің барлық қатысушысына сертификат беріледі.

«Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» көрмесіне қатысуға өтінімді 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін roza@fnn.kz электрондық мекенжайға жіберу керек.

Өтінім үлгісін жүктеу.

Жаңалық материалдары
Түсініктеме қалдыру