news-img

Әлемдегі қазіргі жаһандық еңбек нарығы адамдарда жаңа құзыреттер болуын талап етеді. Мамандыққа ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дағдылар мен қабілеттерге ие болу маңызды. Көптеген қабілеттер адамда ерте жастан қалыптасады, ал қазіргі білім мен технология оларды анықтауға көмектеседі. Қазақстанда балалардағы таланттарды анықтаудың заманауи диагностикасы бар. 

Екі жыл бойы Қазақстанда Qabilet жобасы іске асырылып келеді, соның арқасында балалардың негізгі құзыреттеріне диагностика жүргізілуде. Осы уақыт ішінде 132 мыңнан астам бала Qabilet қызметінің диагностикасынан өтіп, ата-аналар өз балаларының бойындағы дарын мен дағдылар туралы білді, оларды одан әрі қалай дамыту керектігін түсінді. 

Әрбір ниет білдірушінің осы қызметті толығымен тегін пайдалануға және қабілеттерін анықтауға, сондай-ақ баланың дағдыларын дамытудың одан әрі жоспарын анықтау үшін білікті психологтан кеңес алуға мүмкіндігі бар. 

"Біз қалада тұрмаймыз, ауылымыз шағын ғана, ал жарнамада көрсететіндей баланың қызығушылығын анықтайтын үлкен орталықтар жоқ, тіпті қымбат та шығар. Бізге мектепте телефон немесе компьютер арқылы тегін тест тапсыруға болатынын айтты. Тесті бүкіл сынып тапсыруы мүмкін, ол жағын нақты айта алмаймын. Бірақ менің балам өтіп, біз оның сыни ойлау дағдысы жақсы дамығаны туралы нәтиже алдық. Мен оның не екенін өзім білмедім, бірақ мектепте бізге бұл жақсы нәтиже және оны дамыту керек деп түсіндірді. География пәнінің мұғалімі баламен жұмысын бастады, бала сурет сала бастады, бейнематериалдар түсірді, кешке бізге басқа елдер, жалаулар туралы айтатын болды. Ол қызығушылық танытты. Білесіз бе, оның жақсы көрмейтін пәні - қазір ең сүйікті пәндерінің бірі. Олар қазір ашық сабақ дайындап жатыр. Мұғалімнің қасында тұрып, басқа балаларға ақпарат береді. Менің ойымша, бұл ең алдымен Кабылет тестінің арқасында және осы тест арқылы менің ұлымды байқағандарыңыз үшін мектепке рақмет", – деп өз ойымен  Qabilet жобасына қатысушылардың бірі Жүсіпова Динара бөлісті.

Диагностика қызметін онлайн режимде, мектептің компьютерлік сыныбында, сондай-ақ «Дарын» өңірлік орталықтарында алуға болады. «Дарын» орталықтары облыс орталықтарында және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында орналасқан. Диагностика ХХІ ғасырдың 4 «К»: сыни және креативті ойлау, коммуникативтілік және ынтымақтастық құзыреттеріне сәйкес жүргізіледі. 

«ХХІ ғасырда адамның ең маңызды өзекті және сұранысқа ие қабілеті - 4 «К» жалпы атауымен біріктірілген сыни ойлау, шығармашылық, коммуникативтілік және ынтымақтастық. Баланың деңгейін анықтап, ата-ана мен мұғалім балаларды табысты болашаққа дұрыс бағыттай алады», - дейді психолог Мирамгүл Буранбаева.

Қазіргі уақытта диагностика 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін қолжетімді. Алайда, көп ұзамай 7 жастан асқан балалар Qabilet жобасының арқасында қабілет диагностикасынан өте алады.  

Басталу күнін білу үшін Facebook-тегі Qabilet қауымдастығына қосылыңыз және жаңалықтардан хабардар болыңыз.

Түсініктеме қалдыру