news-img

Дарынды жастарға арналған «ЖАСSTAR GRANTS PROGRAM» шығармашылық жобасын іске асыруға арналған гранттар байқауының II кезеңі аяқталды. Қорытындысы бойынша байқауға қатысушылардың қысқа тізімі шықты – бұл 32 жоба, оның авторлары Алматыдағы турда жеңімпаз атануға таласады. 
 
Гранттық бағдарламаның басты мақсаты жас мәдениет және өнер қайраткерлерін, сонымен қатар мәдениет және өнер, дизайн, сән және шығармашылық кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыратын суретшілердің, креаторлардың, шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың жобасы мен жұмысын қолдау.
 
Байқауға еліміздің барлық өңірінен 400-ден астам өтінім келіп түсті. Естеріңізге сала кетейік, өтінімдерді қабылдау және алғашқы іріктеу 2022 жылдың 1 шілдесінен 20 қыркүйегіне дейін өтті. Байқау шарттарына сәйкес, оған Қазақстан азаматы болып табылатын 40 жастан аспаған шығармашылық қызметкерлер, сонымен бірге мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар қатысады. Бір адам 3 жобаға дейін ұсына алады.
 
Финалистер енді үшінші кезеңге қатысып, жобасын Алматы қаласындағы байқау комиссиясының алдында таныстырады. Бұл 2022 жылғы 25-29 қазан аралығында өтетін «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде өтеді. Финал қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқаудың 10 жеңімпазын анықтайды. Олар жобасын жүзеге асыру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын алады.

Қысқа тізімге енгендер: 
 
1.     Айтбаев Қасым Фархадұлы – «ҚР Балалар музыка мектептерінің оркестрлеріне арналған заманауи және джаз оркестріндегі қазақ халық әндері мен шығармаларының партитуралары»;
2.     Ким Валерия Витальевна – «HUMANIMAL» фотожобасы;
3.     Молдалім Тоғжан Жақсылыққызы – «Қазақ ұлттық балет театры» кескіндеме альбомы;
4.     Молдалім Тоғжан Жақсылыққызы – Қазақ биіне арналған оқу құралы;
5.     Лумпов Евгений – «Zaman.media» ақпараттық-мұрағаттық интернет-порталы»;
6.     Лумпов Евгений – «8 қарындаш» кітабының басылымы;
7.     Колесова Малика Мырзабекқызы – «Tentek Jurek»;
8.     Макарцева Яна Александровна – «THE ZOO STORY»;
9.     Бексейітов Дәурен Сейітжанұлы – «NOA»;
10. Жарлығапова Мира Александровна – «Көзі нашар көретіндерге арналған батыс өңіріндегі алғашқы «WinDance» би орталығын іске қосу;
11. Рахманқұл Дәулет Бейшембекұлы – «Unproduced.kz»;
12. Желтұрғызов Азамат Қайратұлы, Тани Айсұлу Бақытқызы – «Еркеғали Рахмадиевтің балалар мен жасөспірімдерге арналған «Балалық шақ» шығармаларын өңдеу жинағы»;
13. Оразбеков Бексұлтан Әбдімұратұлы — «Pieper»;
14. Жүнісбек Ария Аманқосқызы – «Медициналық мекемелердегі балаларға арналған кітапхана аймағы (стационарлар)»;
15. Қалибаева Гүлвира Жанарбекқызы –«QR-код арқылы ұялы телефонмен тыңдауға болатын қазақ тіліне бейімделген өлеңдері бар ашықхаттар жиынтығын дайындау және іске асыру»;
16. Селунская Надежда – «Nano Мult анимациялық студиясы»;
17. Ларин Артур Андреевич – «Лейла күнделігі» комиксі;
18. Қуатқызы Аида – «Із»;
19. Заманова Сымбат Сүйіндікқызы — «Nomads design»;
20. Сәриева Дана Бауыржанқызы – «Қазақ типографиясын құру»;
21. Ғимарат Ерназар Ғабитұлы – «Kogan' s competition» II халықаралық аспаптық орындаушылық байқауы;
22. Қабықожаева Әлия Мұратқызы — «Көркемсурет шеберханасы»;
23. Досжанов Бауыржан Тәттібекұлы – «Кілем тоқу өнерін жаңарту және жаңғырту»;
24. Нүспекова Жанна Төлендіқызы – «BATTAL би апталығы»;
25. Ерсайынов Дәулет Ерболатұлы – «UIA.KZ»;
26. Көпжасарова Томирис Талғатқызы —  «Менің алғашқы үйім. Лайықты үй құруға арналған ИКЕА нұсқаулығы»;
27. Бекетова Мөлдір Нұрланқызы – «Изюминка»;
28. Ермахан Асқар Сағындықұлы – «Мәңгүрт» көркем қысқаметражды фильмі;
29. Авгамбаева Лаал – «Дала анатомиясы»;
30. Дастанұлы Рүстем – «Дантист» көркем қысқаметражды фильмі;
31. Емжарова Айнамкөз Мұхтарқызы — «Қазақстан аңыздары»;
32. Ысқақов Азамат Сағандықұлы – «Глинотерапия».

Түсініктеме қалдыру