news-img

2022 жылдың 12 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында өткен ЖасSTAR Awards онлайн шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау шартына сәйкес, оған 16 мен 40 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 603 өтінім келіп түсті. Барлық жұмысты jasstar.kz сайтынан көруге болады. Байқауға қатысушылар жобасын фотография, кескіндеме, инсталляция, графика, мүсін, бейне сынды алты санат бойынша ұсынды. 

ЖасSTAR Awards-тың жалпы жүлде қоры 2 400 000 теңге: Бірінші орын – 1 млн теңге, екінші орын – 500 000 теңге және үшінші орын алған үш адамға - 300 000 теңге. Байқау қорытындысы бойынша бес жеңімпаз болады делінген. 

Алайда байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы барлық өтінімді қарап, үш жүлделі орын жеңімпаздарын анықтау өте қиын деген ортақ пікірге келді. Жобалардың денін байқауға қатысуға үлкен жауапкершілікпен және креативтілікпен қараған нағыз талантты авторлар орындаған. Олар өздерінің ерекше мүмкіндігі мен жоғары әлеуетін көрсетті. Осыған байланысты сегіз шығармашылық жұмысты ынталандыру және жүлде қорын тең бөлу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, олардың әрқайсысы 300 000 теңгеден ақшалай сыйлық алады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы 25-29 қазан аралығында Алматыдағы «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде өтеді.

ЖасSTAR Awards жеңімпаздарының тізімі:

    •Қабоке Оралбек – «Уақыт пен өлшем» шығармашылық жұмысы
    •Танаев Ержан – «Әже» шығармашылық жұмысы
    •Тәжқұранов Мейірбек Еранұлы – «Бүгінгі күннің батыры...» шығармашылық жұмыс 
    •Нұртазин Қанат Тайбекұлы – «Сайгак» шығармашылық жұмысы
    •Филиппова Александра – «Костюм Императора» шығармашылық жұмысы
    •Тәтібаева Гүлмарал – «Мұра» шығармашылық жұмысы
    •Ізтілеуова Айғанұл Ғарифуллақызы – «Казахский народный танец» шығармашылық жұмысы
    •Қайыржан Арман Бөкенбайұлы – «Сократы» әлеуметтік бейнеролигі.

Түсініктеме қалдыру