news-img

«Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты даму бағыттары». Нұрсұлтан Назарбаев Қоры республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының биыл осындай тақырыппен өтетінін хабарлайды.

Байқау жыл сайынғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында өтеді. Қор мұны 2008 жылдан бері өткізіп келеді және қоғам игілігі үшін идеялар төңірегінде белсенді және бей-жай қарамайтын қазақстандықтарды біріктіретін коммерциялық емес сектор үшін демонстрациялық, ақпараттық және білім беру платформасы болып табылады.

Еліміздің барлық өңіріндегі ҮЕҰ өкілдерін байқауға қатысуға шақырамыз! Мақсат құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Биыл ауқымды іс-шара мына номинациялар бойынша өтеді:

   •«Құқықтық құзырет: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау». Бұл номинацияда халықтың құқықтық мәдениеті мен азаматтық санасын арттыруға бағытталған жобалар күтіледі.

   •«Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті жақсарту». Халықтың денсаулығын жақсартуға және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге бағытталған жобалар қарастырылады.

   •«ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары». Цифрлық теңсіздікті және халықтың ақпараттық сауатсыздығын төмендетуге бағытталған жобалар қабылданады. 

Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін өткізудің мерзімі:

   •I кезең (2023 жылғы 15 наурыздан 30 сәуірге дейін) - тиісті талапқа сай өтінімдер мен құжат қабылдау, бастапқы іріктеу.

   •II кезең (2023 жылдың 1-12 мамыр аралығы) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (үздік 50 жоба).

   •III кезең (2023 жылдың 18-19 мамыр аралығы) – Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде үздік 50 жобаны қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Толық ақпарат және байқау шарттарын сілтеме бойынша біліңіз.

Түсініктеме қалдыру