news-img

Вашингтонда «Қазақстанның Орталық Азияның жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жетекші рөлі» атты баяндама таныстырылды.

Биыл 28 сәуірінде Американың жетекші талдау орталықтарының бірі – Атлантикалық кеңесте Орталық Азия өңірінің жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлеуетіне және Қазақстанның өңірдің күш-жігерін біріктірудегі рөліне арналған баяндама таныстырылды.  

Іс-шараға баяндама авторлары – Джеймстаун қорының аға ғылыми қызметкері Маргарита Ассенова, Атлантикалық кеңестің аға ғылыми қызметкері, Халықаралық салық және инвестициялық орталықтың энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры Ариэль Коэн және Халықаралық салық және инвестициялық орталықтағы әріптесі, энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының жетекші талдаушысы Уэсли Хилл қатысты.

Американдық сарапшылардың пікірінше, географиялық жағдаймен қатар, Орталық Азияның геосаяси маңыздылығы аймақтың су, жер және энергетикалық ресурстарына байланысты.

Әлемдік нарықтарға электр қуаты мен азық-түлікті тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету және баламалы халықаралық көлік-логистикалық жолдарды дамыту қажеттігі туралы айта келе, М. Асенова «Орталық дәліз» Қазақстаннан Еуропаға мұнай мен уранды жеткізудің болашағы зор бағыты және Балқан мен Қара теңіз елдері үшін тиімді балама» деп өңір мен Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту қажеттігін атады.

Баяндама авторлары бірауыздан Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастықты нығайту әлемдік экономика мен саясат үшін де, серпінді өсіп келе жатқан және болашағы зор экономикалық өңірді дамытудағы маңызды фактор болып табылатынын атады. Сол фактордың бірі өңірлік ықпалдастықты Орталық Азияны одан әрі дамытудағы маңызды қадам екеніне назар аударды. У.Хиллдің пікірінше, «С5+1» платформасы аясында ОА мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың қолда бар форматы өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және өңірлік бастамаларды ілгерілетуге табысты ықпал ете алады. Осыған байланысты А. Коэн «Өңір мен Қазақстанның әлеуетін дамытуда батыстық әріптестер мен инвестицияларды саяси қолдау маңызды рөл атқаратынын» атап өтті.

Баяндаманың таныстырылымынан кейін АҚШ-тағы Ресей мен Еуразияны зерттеудің жетекші орталығы Кеннан институты Халықаралық салық және инвестициялық орталығымен бірлесіп «Орталық Азияның дамуының болашағы: Ресей мен Қытай арасында» атты конференция өткізді. 

Конференцияда сарапшылар, ғалымдар және саясаткерлер Украинадағы соғыстың Орталық Азияның экономикалық және геосаяси дамуына әсеріне қатысты мәселелерді талқылады.

«Еуразия – геосаяси мүдделер тоғысы» атты алғашқы панельдік пікірталасқа Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Ержан Ашықбаевтың, АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетика мәселелері жөніндегі орынбасары Джеффри Р. Пайеттің, New Lines Institute еуразиялық қауіпсіздік және өркендеу институтының директоры Камран Бохаридің, жаңа американдық қауіпсіздік орталығының Үнді-Тынық мұхиты қауіпсіздік бағдарламасының аға ғылыми қызметкері әрі директоры Лиза Кертис, Каспий саяси орталығының «Қауіпсіздік және саясат» бағдарламасының төрағасы, АҚШ Елшісі (отставкадағы) Ричард Э. ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры директорының кеңесшісі Қайрат Әбусейітов  қатысты.

Е.Ашықбаев өз сөзінде Орталық Азиядағы өңірлік серіктестікті, сонымен қатар, өңірдің батыс әріптестерімен достық және өзара тиімді қарым-қатынастарын арттыру қажеттігін ерекше атап өтті: «Қазақстан өзінің өркениет, мәдениет пен діндердің тоғысындағы бірегей тарихына сүйене отырып, шығыс пен батыс, оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы көпір рөлін атқаруға құлықты». Қазақстандық дипломаттың айтуынша, бүгінде Орта Азияны, Кавказды және Еуропаны байланыстыратын орталық дәліз Жібек жолының жаңғыруының бір түрі болып табылады.

Украинадағы соғыстың әлемдегі геосаяси үдерістерге әсеріне қатысты Каспий саяси орталығының «Қауіпсіздік және саясат» бағдарламасының төрағасы, АҚШ-тың отставкадағы елшісі Р. Хоугланд Қазақстанды ерекше атап өтті, тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап табысты іске асырылып келе жатқан көпвекторлы сыртқы саясат Ресеймен, Қытаймен, ЕО және АҚШ-пен теңгерімді қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.

Еліміздің сындарлы сыртқы саясаты туралы ойды жалғастыра отырып, дипломатиялық қызмет ардагері Қ.Әбусейітов қазіргі халықаралық жағдайда көпвекторлы бағытты сақтаудың маңыздылығын атады. Айтуынша, бұл Қазақстан мен жалпы алғанда өркендеу мен дамуға талпыныстың жалғыз дұрыс әдісі.

Уәжінде, өңірдің өңірлік қауіпсіздігін және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін сақтау үшін Ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығын ерекше айтты. «ОА-да ауыл шаруашылығын дамыту Орталық Азия одағын құру үшін өте жақсы негізге айналады және өңірдің өзі үшін ғана емес, бүкіл Еуразия континенті үшін де жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің орталығына айналады. Бұл қауіпсіз аймақта тұруға негіз болады», - деді Елші.

«Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік саласындағы жаһандық күн тәртібіндегі сенімді негізгі серіктес. Бұл жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін айрықша әлеуеті бар ел. Қазақстан әлемге ең қажетті және азаматтық атом энергетикасы саласында маңызды рөл атқаратын барлық маңызды пайдалы қазбаға ие. АҚШ пен Қазақстан арасындағы белсенді стратегиялық диалогты жалғастыруға ниеттімін және 2023 жылы біз осы бағыттағы дамуды көреміз деп ойлаймын», - деді бірінші сессияның талқылауында АҚШ Мемлекеттік хатшысының энергетика жөніндегі орынбасары Дж. Р. Пайетт.

«Жаңа Жібек жолындағы геоэкономикалық трансформация: көмірсутегіге тәуелділік жолында» атты екінші панельдік сессияға Таяу Шығыс және Түркия істері жөніндегі Атқарушы директор және АҚШ Сауда Палатасының АҚШ және Қазақстан Іскерлік кеңесінің атқарушы директоры Дженнифер Миэль, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер және Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы С. Фредерик Старр, Джонс Хопкинс Халықаралық зерттеулер мектебінің еуропалық және Еуразиялық зерттеулердің адъюнкт-дәріскері Марша МакГроу Олив, президенттің бұрынғы арнайы көмекшісі және Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Ресей және Орталық Азия жөніндегі аға директоры Эрик Грин қатысты.

Пікірталас аймақтың геосаяси осалдығы және Украинадағы жағдайға байланысты Орталық Азия үшін саяси және экономикалық сын-қатерлер төңірегінде өрбіді.

Өңірдің Ресеймен көршілестігі және Мәскеудің сол елдерге әсері туралы айта келе М.МакГроу Олив «ЕО-ның стратегиялық мүдделерін ескере отырып, Түркия және басқа елдер аймаққа инвестицияларды көбейтіп отыр», - деп аймақпен серіктестік пен АҚШ инвестицияларының барлық спектрі бойынша тұрақты әртараптандырудың маңыздылығын атады. Мысал ретінде ол Қытаймен ОА саудасының өсіп келе жатқан көрсеткіштерін және теміржол қатынасындағы логистикаға инвестиция көлемін келтірді. «АҚШ тарапынан тиісті көңіл бөлінбесе, Қытай тек аймақтағы ықпалын күшейтетінін түсінген жөн».

https://www.wilsoncenter.org/event/future-central-asias-development-between-russia-and-china

https://www.atlanticcouncil.org/event/how-can-central-asia-help-power-and-feed-the-world/

Сурет авторы: Рүстем Қожыбаев, «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

Түсініктеме қалдыру