news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер саласындағы шығармашылық жобаларға республикалық гранттар жариялайды. Ол 2023 жылдың 11 маусымына дейін жалғасады.

2008 жылы алғаш рет өткізілген осы жобаның арқасында көптеген танымал шығармашылық тұлға әлеуетін іске асырып, өздерін Қазақстанмен қатар, шетелдерге де таныта алды.

Байқаудың бірнеше мақсаты бар. Соның бірі суретшілер мен креаторлардың, сонымен қатар, мәдениет пен өнер саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жобасы мен жұмысын қаржыландыру және қолдау арқылы қазіргі ұрпақтың мәдениетін қалыптастыратын тиімді шығармашылық және идеялық орта құру.

Айта кетейік, шығармашылық жобаларға грант алуға арналған байқауға Қазақстан азаматтары болып табылатын 40 жастан аспаған шығармашылық қызметкерлер, сонымен бірге, мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар қатысады.

Грантқа үміткерлер жобаны мына бағыттар бойынша ұсына алады: театр, кино, драматургия, музыка, би, теледидар, радио, актерлік шеберлік, заманауи вокал, заманауи өнер, фотография, әдебиет, поэзия, сән, дизайн, қолөнер, жаңа медиа, креативті индустрия.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

  1. Тиісті талапқа сай байқау өтінімдері мен құжат қабылдау, бастапқы іріктеу.
  2. Жобаларды онлайн бағалау, байқау финалистерінің шорт-парағын қалыптастыру.
  3. Алматы қаласында шорт-парақ финалистерінің қорғауы. Жеңімпаздарды анықтау. 

Жеңімпаздар жобаның қажеттілігіен байланысты 2 млн теңгеге дейінгі көлемде грант алады.

Сілтеме арқылы ережемен танысып, өтінім бере аласыз.

Түсініктеме қалдыру