news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Диана Мерекеева Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Туризм» мамандығы бойынша оқиды. 
  
- Өзіме оқып жатқан мамандығым ұнайды. Сондықтан үнемі ғылыми конференцияларға, онлайн вебинарларға, байқауларға және қоғамдық іс-шараларға қатысамын. Болашақта туристік компанияның басшысы болғым келеді. Туризм саласындағы ғылыми іспен айналысамын, өйткені ол маған күн сайын жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, конференцияларда ғылыми баяндамалар жасаған сайын аудиториямен жұмыс істеу қабілетім, көпшілік алдында сөйлеу дағдым дамитынын байқадым, бұл қазір өте маңызды, - дейді Диана.  
  
Диана қайырымдылықпен де айналысады, ал оның хоббиі сурет салу және пилатес. Бұл бойжеткенге күйзелісті еңсеруге, тың күшпен әрі қарай дамуға көмектеседі. 
  
- Бос уақытымды нәтижелі өткізуге тырысамын. Қолым қалт ете қалса, шет тілдерін оқимын, сурет саламын. Түрік және ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Бұған қоса, подкасттарды жиі тыңдап, ағылшын тілінде кино мен сериал көремін, - дейді Диана. 
 
Біздің стипендиат ағылшын тілінде өтетін көптеген қалалық, республикалық және халықаралық олимпиада мен конференцияның жүлдегері. Атап айтқанда, «Ғылым және білім – 2022» XVII Халықаралық ғылыми конференциясының I дәрежелі дипломының иегері. 
  
- Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы мен үшін үлкен қолдау және шабыт береді. Мұнымен тоқтап қалғым келмейді, керісінше, туризм саласында дамуымды жалғастырып, ғылыми конференцияларға, вебинарларға, байқауларға және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысамын. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты атағы мені өзгелерге үлгі болуға және еліміздің дарынды жастарының дамуына ықпал етуге үндейді, - дейді Диана Мерекеева. 
  
Стипендиат Қазақстан жастарына батыл болуға, шынайы ниетпен оқуға, еңбек етуге, көп саяхаттауға және сол арқылы әлемді тануға шақырады.

Түсініктеме қалдыру