news-img

Бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен студенттер мен жас журналистерге арналған шеберлік дәрістері мен тренингтер өткізілді. 

 
Дәрісті журналист және медиатехнолог Мирхат Әжіғалиев, PR сарапшы және тележүргізуші Әнуарбек Жәлел, коммуникатор және PR-технолог Ақерке Берлібай жүргізді.   

Шеберлік дәрісі кезінде БАҚ сапалы материалдар дайындау, әлеуметтік желілерде ақпараттық өнімдерді насихаттау, қызықты телесюжеттер жасау туралы сөз қозғалды.  
 

Сонымен қатар, дәріс барысында стенд-ап-репортаждарды жүргізу, дикцияны жақсарту және т.б. мәселеге ерекше назар аударылды. 

 
Танымал тележүргізуші, көптеген тележобаның, шешендік өнер әдістерінің авторы Санди Сұлтан құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ол шешендік өнердің құпиясы мен көпшілік алдында сөйлеу дағдысы туралы білімін бөлісті.  

Журналистің жұмысындағы маңызды мәселені талқылау мемлекеттік ұйымдардың нақты жағдай мен дағдарыс сәттері туралы оқиғаларға нақты кеңестер мен ұсыныстар айтылды.

Түсініктеме қалдыру