news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2018 жылдан бастап осы байқауды өткізуде «Қазроботикс» қоғамдық бірлестігіне қолдау көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде 5 маусым өткізіліп, еліміздің барлық өңірінен 1000-ға жуық оқушы анықталды.

Байқау жастарға робототехника саласы туралы көбірек білуге, өз идеясын жүзеге асыруға, дағдыларын дамытуға және тәжірибе алмасу арқылы басқалардан үйренуге көмектеседі.

Байқау 10 жастан 15 жасқа дейінгі және 16-21 жас аралығындағы балалар арасында «Концепт» және «Прототип» номинациясы бойынша өткізіледі.

Қатысушыларға жобаларды дайындау және қорғау қажет. Бұған балаларға педагогтар көмектесті.

Оқушылар өте қызықты жобаларды ұсынады. Сонымен, олардың арасында: егіннің мониторингін арттыру, су мен ауаның ластану деңгейін бақылайтын робот құру, мидың белсенділігін тіркейтін құрылғы жасау және т.б. жұмыстар болды.

Байқау жүлдегерлерінің жоғары деңгейі туралы айтсақ, биыл өткен жылдың 24 жеңімпазы «Digital Almaty» форумының қонақтары алдында сөз сөйлеуге шақырылып, олар еңбектерін ересек стартаперлермен бірге көрсетіп, өндірістік компаниялардың басшылары мен сарапшылардың жоғары бағасын алды.

Алдыңғы маусымдардың үш жүлдегері «KazRoboProject» байқауында жеңіске жеткеннен кейін халықаралық байқауларда бірінші орынға ие болды.

Биылғы байқауға 80 өтінім беріліп, 72 команда қорғауға жіберілді.

Іріктеу қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды:

– «Концепт» номинациясында (10-15 жыл) – I орын – «Фандомат» қоқысты сұрыптау және тығыздау жобасы. Авторлары – Сәкішев Парасат және Жақсылық Әбілмансур (Атырау қ.), II орын – «Агробот» жобасы - өсімдіктерді өңдеуге арналған робот. Авторлары – Савоник Даниил Богатырев Марсель (Павлодар), III орын – «АЙБО». Артығалиева Әмина мен Есеркенова Дильнара (Тасқала кенті) денсаулық көрсеткіштері мониторингінің нәтижелерін қашықтан беретін робот әзірледі. «Концепт» (16-21) - I - орын – «Мембраналық дыбыс детекторы» үйінділерден адамдарды анықтауға арналған детектор. Авторлары – Юнусова Зейнап және Темирова Севиль (Талғар), II-жануарлардың жол бойында жүргенін білдіретін жануарларға арналған датчикті әзірлеу жобасы. Авторлары - Рахым Ахмет, Шаңытбай Жасұлан (Ақтау), III – «RobotX». Бұл робототехниканы оқытуға арналған платформа. Авторылары – Аяла Қайымқожа мен Мәдина Серібай (Алматы).

- «Прототип» (10-15) номинациясында – I – «PawsPro». Атағұлла Хайдар, Лұқпанов Қайырха (Атырау), II – орын – экофильтрді әзірлеу жобасы. Авторы – Рустамова Қазына (Шымкент), III - ерекше қажеттілігі бар балаларға әріптерді, сөздерді, жануарлар мен өсімдіктерді зерттеуге мүмкіндік беретін жоба. Авторлары – Есбол Нұрасыл, Дартай Мирас (Шымкент). «Прототип» (16-21) - I – «AgriMo». Бұл жасанды интеллект, метеостанциялар, нақты уақыттағы аналитиканы біріктіретін ауыл шаруашылығы үдерістерін оңтайландыруға арналған мультифункционалды жүйе. Авторлары - Әділет Аусарбеков, Орынбай Әлішер (Астана), II-Smart Buoy. Құтқарушыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және су кеңістігін бақылауды жеңілдетуге көмектесетін ақылды қалтқылар жүйесі. Авторлары - Қосов Максим, Сырлыбаев Даир (Ақтөбе), III – «IAQALA». Интернет заттары технологиясын қолдана отырып, нақты уақыт режимінде web-сайт және мобильді қосымша арқылы ақпарат беру арқылы қоршаған орта ауасының сапасын бақылауды қамтамасыз ететін жоба.  Авторлары - Кемелова Аружан және Садықова Жасмин (Алматы).

Сонымен қатар, үздік қатысушылар үшін арнайы номинациялар тағайындалды.

 

Түсініктеме қалдыру