news-img

8 жыл ішінде Astana club жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам спикер қатысты.

Клубтың өткізген сессияларында геосаяси қақтығыстан шығудың ықтимал жолдары, жаһандық экономикалық қауіп және т.б. мәселелер талқыланады.

Халықаралық қаржы институтының мәліметінше, әлемдік қарыз қазірдің өзінде рекордтық $305 трлн-ға жетті немесе жаһандық ЖІӨ-нің 348% болды. Әлемдік экономика болашақ тоқырауға өте осал келеді.

Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің (RBWC) бас директоры және негізін қалаушы Марк Узан бүгінде әлем ұзақ уақытқа созылатын жаңа макроэкономикалық парадигмаға ауыса ма, әлде барлық ел бірінен соң бірі тоқырауға ұшырай ма деген мәселе туындайтынын атап өтті.

Испанияның бұрынғы премьер-министрі (2004-2011), БҰҰ-ның «Өркениеттер альянсын» құрудың бастамашысы Хосе Луис Сапатеро, ENL Associates Президенті, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) аға кеңесшісі Эдвард Люттвак, Вашингтон Таяу Шығыс медиа зерттеулер институтының (MEMRI) кеңесшісі, постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры (1996-2019) Владислав Иноземцев, белгілі журналист және жазушы Владимир Познер елдер арасындағы қақтығыстарды реттеу үшін, ең алдымен, диалогқа жол табу маңызды екенін атап өтті. «Санкциялар әсер етпейді және қақтығыстарды тоқтатуға ықпал етпейді», - деп атап өтті спикерлер.

Испания Премьер-Министрі (2004-2011) Хосе Луис Сапатеро, Мадрид клубының президенті, Словения Президенті (2007-2012) Данило Тюрк, Сербия халықтық партиясының Төрағасы, халықаралық қатынастар және тұрақты даму орталығының президенті (CIRSD), БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті (2012-2013), Сербияның Сыртқы істер министрі (2007-2012) Вук Еремич Израиль Газа секторындағы әскери іс-қимылды туралы айта келе, атысты тоқтату маңызды екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, әйтпесе бұл одан әрі қантөгіске, қақтығыс географиясының кеңеюіне әкеліп, салдары ауыр болады.

Естеріңізге салайық, Astana club талқылауы ертең де жалғасады.

Толық ақпарат astanaclub.kz сайтында.

Түсініктеме қалдыру