news-img

Ұлпан Бекежанова жан-жақты, сан қырлы студент. Ол жасанды интеллектпен айналысады, спортпен айналысады, бордты және атқа мінгенді ұнатады. Қазіргі әлемде маңызды деп білетін маркетин саласындағы білімін ұштайды. Еуразия технологиялық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алып жүр.

- Ғылыми зерттеулерге, шығармашылық жобаларға, қоғамдық іс-шараларға және спорттық іс-шараларға қатысу маған теориялық білімді тәжірибеде қолданумен қатар, сыни ойлауды, коммуникациялық дағдыны және көшбасшылық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Осы қызығушылығым арқылы өзімнің саламда білікті әрі табанды маман болуға көмектесетін тәжірибе жинаймын. Сонымен қатар, бұл менің оқу мен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау, шабыт алу және өзімді түрлі салада сынап көру, - дейді Ұлпан Бекежанова.

Ұлпан үшін Қордың шәкіртақысы жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар оқу мен жеке дамуда маңызды қолдау. Ол стипендия ынталандыру оған мақсат қоя білетін талапшыл әрі оқуда мен өзге де салада талғар биіктерге жетуге септігін тигізетінін атады. Бұған қоса, стипендия баға жетпес тәжірибе болатын түрлі білім беру мен кәсіби бағдарламаға қатысуға жол ашады.

Барлық стипендиат сияқты біз де Ұлпаннан табысқа жетудің құпиясын сұрадық.

- Арманға нық қадам басуға кеңес беремін. Қанша қиын болса да, дарыныңызды көрсетуден, дамытудан қорықпаңыз. Әлемге деген ерекше көзқарасыңыз керемет нәтиже беруі мүмкін. Үйренуді, дамытуды  ұмытпаңыз, өзіңізге жаңа көкжиектер ашыңыз. Жаңа білім мен тәжірибеден қашпаңыз, жаңа нәрсені байқап көріңіз. Сіздің өзін-өзі дамытуға, үнемі өсуге деген ұмтылысыңыз табысқа жетуіңіздің кілті. Қазақстан жастарына сәттілік және мақсатқа жету жолында талмай еңбек етуді тілеймін!, - дейді Ұлпан.

Түсініктеме қалдыру