news-img

Минскіде 14-17 қазан аралығында «Жастар ғылымда — 2.0'19» атты XVI Халықаралық ғылыми конференция өтті, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының делегациясы қатысты. Бұл форум Беларусьтің ірі ғылыми іс-шараларының бірі ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің талантты жастарының жобаларын таныстыру үшін беделді алаң болып табылады.

Биылғы жылы конференцияға 500-ге жуық жас зерттеушілер қатысты, олардың ішінде Беларусь ҰҒА ғалымдары, ЖОО, ОАО өкілдері, мектеп оқушылары, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Черногория, Польша, Латвия, Тәжікстан, Армения және Грузиядан келген қонақтар.                                                           

Форумның салтанатты ашылуында Беларусь ҰҒА Президиумының төрағасы Владимир Гусаков, сондай-ақ әр елден келген жас ғалымдар мен ғылыми ұйымдар кеңесінің өкілдері жас ғалымдарға құттықтау сөздер мен ізгі тілектерін білдірді.                                                                            

Академиялық элитаға және талантты жастарға арнаған сөзінде Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің делегаты, PR жөніндегі менеджер Артур Жұмашев Қазақстан мен Беларусьтің жас ғалымдары арасындағы көпжылдық әріптестік қарым-қатынасты атап өтті:

- Беларусь жас ғалымдарының «Burabay Forum» форумы және «Инновациялық даму және қазіргі Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі» ғылыми конференциясы сияқты Қазақстан Республикасында өткізілетін халықаралық ғылыми оқиғаларға белсенді қатысуын ерекше атап өткім келеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі мен Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі арасында көптеген жылдар бойы ашықтық, сенім және серіктестік қағидаттарында құрылған достық қарым-қатынастар қолдау табуда. Бұл туралы Алматыда өткен «YES-Forum» жас ғалымдардың II Еуразиялық форумы дәлелдейді, оны ұйымдастыру бастамасын біздің қорымызда Беларусь, Ресей және Арменияның жас ғалымдарымен әріптестікте ғылым жөніндегі кеңес өз қолына алды.

Сонымен қатар, Елбасының Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес мүшесі Әсел Қалимбекова дарынды жастарды қолдау саласындағы жобалар мен бастамалар, халықаралық ғылыми ынтымақтастық, Қазақстанның жас ғалымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған гранттық және конкурстық бағдарламалар туралы айтып берді.

ТМД елдерінің жас ғалымдар кеңесінің төрағалары жас ғалымдарды қолдау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастар ғылымын дамыту ісіндегі ҚР Тұңғыш Президенті Қорының белсенді жұмысын ерекше атап өтті.

«Жастар ғылымда — 2.0'19» ғылыми конференциясы аясында жас ғалымдардың «Жас академия» әзірлемелерінің көрмесі, оқушылар арасындағы роботурнир, бірнеше бағыттар бойынша секциялық отырыстар, «Стартап-жобаның бизнес-жоспары: идеяны қалай сатуға болады» және «Интернет желісінде стартап-жобаны жылжыту» шеберлік сабағы, пәнаралық постерлік сессия, ағылшын тіліндегі ғылыми баяндамалар конкурсы және ғылыми-танымал дәрістер өтті.

Түсініктеме қалдыру