news-img

Алматыда 12-ші Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің финалы іспетті болған «Әдемі» деректі фильмінің премьерасы өтті. Көрсетілім кезінде атмосфера жылулыққа пен жанашырлыққа толы болды. Фильмді көрермендерге режиссер Фариза Танайдың өзі түсіндіріп, ешкімді бей-жай қалдырмаған жеке әрі әсерлі оқиғасын айтты. 

«Әдемі» тек фильм ғана емес. Бұл қабылдау, махаббат пен үміт жолы. Картина мүмкіндігі шектеулі кішкентай қыздың күнделікті өмірі туралы баяндайды. Қыз ойнап, ән салып, билегенімен, әзірге жүре алмайды. Фариза Танай камера объективі арқылы тек отбасылардың физикалық және эмоционалдық қиындығын зерттеп қана қоймай, қоғамды әр адамның сұлулығы мен құндылығын көруге үндейді.  

- Үш жыл бұрын қызымның мүмкіндігі шектеулі екенін білдім. Бұл фильм менің оны қабылдауым мен оның дәл осылай әдемі екенін түсіну жолым. Фильм махаббат, үміт және кедергісіз болашақ туралы, - дейді режиссер. 

Фильм қоғам алдында маңызды сұрақ қояды: неге мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамға бейімделу әлі күнге дейін қиын? Мұның себебі ақпараттың жетіспеушілігінен туындайтын стереотиптер мен қорқыныштар. «Әдемі» бұл кедергілерді жоюға көмектесіп, адамдарды өзгертуге емес, оларды түсінуге және қабылдауға үйретеді. 

Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Бастау» кинофестивалінің гранттық қолдауының арқасында жүзеге асырылды. Eurasiadoc сценарий шеберханасына қатысу және «Almaty Film Lab» жас кинематографистер зертханасының қолдауы фильмге өмір сыйлап, оның маңызды идеясын көрерменге жеткізуге мүмкіндік берді. 

Премьера режиссер киноны талқылаумен аяқталды. Көрермендер эмоциясын айтыпп, сұрақ қойды. Көпшілік фильм олардың көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға назар аудару мен құрмет көрсетудің маңыздылығы туралы ойлануға мәжбүр еткенін жеткізді.

Түсініктеме қалдыру