Музейдің кітапхана қорының жаңа түсімдерінен
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі кітапханасының қоры белгілі қазақстандық мемлекет қайраткері, журналист, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың еңбектері жинақталған «Шығармалары» атты жаңа көптомдықпен толықты.
2023 жылы жарияланған бұл онтомдық басылым сұхбат материалдарынан, таңдаулы мақалалардан, сондай-ақ 1970 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңді қамтитын зерттеу жұмыстарынан тұрады. Материалдар жинағы аталған кезеңде қазақстандық қоғамдық ой мен мәдениеттің дамуын зерделеу үшін құнды дереккөз болып табылады.
Басылымның бірінші томы ерекше ғылыми және тарихи құндылыққа ие. Бұл томда 2024 жылғы 14 қазанда жазылған автордың тарту ету жазбасы бар. Бұл дерек басылымды бірегей дана ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Басылым сыйлық түрінде, эксклюзивті былғарыдан жасалған және алтын түспен бедерленген, мұның өзі оның маңыздылығы мен коллекциялық құндылығын көрсетеді. Кітапхана қорының С. Абдрахмановтың осы еңбектері жинағымен толығуы Музейдің ғылыми әлеуетін арттыруға жасалған маңызды қадам болып табылады және тарих, филология, мәдениеттану салаларында зерттеу жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.