Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мәдениет және өнер саласындағы сапарларға арналған гранттар байқауын жариялайды

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәдениет және өнер саласындағы халықаралық және республикалық іс-шараларға қатысу үшін гранттар байқауын жариялайды. Шығармашылық кәсіп өкілдері байқауларға, фестивальдерге, тағылымдамаларға, симпозиумдарға, шеберлік дәрістеріне, биеннале мен конференцияларға қатысуға қаржылық қолдау ала алады.
Гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:
• әдебиет және журналистика;
• хореография, музыка, театр, кино;
• бейнелеу өнері, сәулет және дизайн.
Қаржылық қолдау 14 күнге дейінгі жол жүру және тұру шығындарын өтеуді қамтиды. Байқау іріктеуі әр екі ай сайын кемінде бір рет өткізіледі. 40 жасқа дейінгі кәсіби мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ бейінді оқу орындарының студенттері өтініш бере алады.
Қатысу үшін құжаттар топтамасын, оның ішінде түйіндеме, шығармашылық бағдарлама және ұйымдастырушылардың шақыру хатын тапсыру қажет. Өтінімдер қазақ немесе орыс тілінде, қағаз түрінде қабылданады.
Жеңімпаздарды мәдениет саласындағы сарапшылардан тұратын байқау комиссиясы айқындайды. Таңдау кезінде үміткердің кәсіби өсуі үшін іс-шараның маңыздылығы және оның жеке шығармашылық жетістіктері ескеріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 30 қазанға дейін ашық!
Шығармашылық идеяларыңызды жүзеге асыру үшін Қолдау алу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз! Қатысудың егжей-тегжейлі шарттары мен өтінім нысаны сілтеме бойынша қолжетімді.
Қатысу үшін хабарласыңыз:
• Телефон: 8 727 339 65 40
• E-mail: tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы)