news-img

Таразда «Қаржылық инсайд» жобасының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті. Жобаны «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.

Бұл әлеуметтік маңызды жоба 2024 жылғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы атанып, Жамбыл облысы тұрғындарының қаржылық сауатын арттыруға бағытталды. Жоба аясында азаматтарға қаржыны дұрыс басқару, негізсіз шығындар мен алаяқтық схемадан сақтану, сондай-ақ аз инвестициямен пассивті табыс табу бойынша тегін оқыту жүргізілді.

Жоба аясында 5 000-нан астам адам қаржылық сауат бойынша білім алды, олардың қатарында мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар және әлеуметтік осал топ өкілдері бар. Оқу облыс орталығында және 10 ауданда өтті. Таразда 20 мектептің оқушылары, 10 колледждің студенттері мен 2 жоғары оқу орнының білім алушылары тренингтерге қатысты.

Жоба аясында:

   • 40 оқыту шарасы (тренингтер мен шеберлік дәрістері) өткізілді. Спикерлер ретінде өңірдегі жетекші банктер мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты.

   • «Smart Money» атты 5 кезеңнен тұратын зияткерлік ойын ұйымдастырылды.

   • 15 ерікті оқытылды, олар жобаға көмектесіп, білімін бөлісті.

   • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арнайы қаржылық сауат бойынша шеберлік дәрістері өткізілді.

Жоба өңір тұрғындарының қаржылық сауатын арттыруға, жеке қаржыны басқару дағдысын дамытуға, қаржылық шығындар мен алаяқтықтан сақтануға, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды есептеу үшін мобильді қосымшаларды пайдалануға үйретті.

-Іс-шара азаматтық қоғамды дамытудағы өзекті үрдістерді талқылауға, ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға және Қордың гранттық бағдарламаларын насихаттауға маңызды алаң болды, – деді дөңгелек үстел барысында Қордың аға жоба үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.

Қатысушылар жобаның маңызын атап өтіп, бастаманы қолдағаны үшін Қорға алғыс білдірді. Сондай-ақ, қаржылық білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.

Бөлісу