news-img

1 және 2 сәуір күндері Қарағандыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен «Театр - Шығармашылық - Талант» III халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-байқауы өтті. Оған Қазақстан мен Ресейден 200-ден астам жас театр әртістері қатысты.

 

«Театр - Шығармашылық - Талант» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль - байқауы «Думан Аким» шығармашылық орталығының авторлық жобасы болып табылады. Шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған гранттарды алу үшін байқау шеңберінде Қарағанды ұжымының бірегей идеясын екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдады. Фестиваль- байқаудың ерекшелігі оған кәсібимен қатар әуесқой театр ұжымдары да қатысады.

 

Жоба өзінің географиясы арқасында халықаралық мәртебеге ие. Үш жыл бойы оған Қазақстан мен Ресейдің жас әртістері қатысып келеді. Бұл жолы кеншілер қаласына Нұр-Сұлтаннан, Жезқазғаннан, Көкшетаудан, Екібастұздан, сондай-ақ ресейлік Кемерово және Новосибирск қалаларынан 200-ден астам байқауға қатысушылар келді.

 

Станилавский атындағы драма театрдың сахнасында дарынды жас әртістер «Кішкентай ханзада», «Таңғажайып комедия», «Мыс тауының қожайыны», «Дін қызметкері және оның жұмысшысы Балда туралы ертегі», «Витька Шитовтың ғажайып оқиғалары» және басқа да әйгілі қойылымдарды көрсетті. Сондай-ақ байқауға қатысушылар мысалдар айтып, әдеби-музыкалық шығармаларды орындады және өлеңдер оқыды.

Қатысушылардың өнерлерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Қайрат Кемалов, Қырғызстанның халық әртісі Сергей Матвеев және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Режиссерлік» бөлімінің меңгерушісі Любовь Попова сынды қатал төрешілер бағалады.

 

Жеңімпаздардың есімдерімен осы файлда танысуға болады.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры – бүкіл республика бойынша дарынды қазақстандықтарды қолдайтын және жастар бастамаларын ынталандыратын еліміздегі бірегей ұйымдардың бірі. Қарағандыда өткен «Театр - Шығармашылық - Талант» атты театрлық фестиваль-байқауы осындай қолдаудың айқын көрінісі болды.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz , www.fpp.kz  

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру