news-img

​Астанадағы Тұңғыш Президент музейінде қазақ халқының тарихына, ұлттық салт-дәстүрі мен мәдени болмысын айшықтайтын, сондай-ақ заманауи көркемдік бағыттарға арналған 48 туынды ұсынылды.

 

Бүгін «Өнерім – арман қанатым» көрмесі ашылды. Іс-шараны музей Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп ұйымдастырды. Экспозицияға 2023-2025 жылдары Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебін тәмамдаған түлектердің дипломдық жұмыстары қойылды. Бұл ұстаз бен шәкірттің бірлескен ізденісінің, шығармашылық еңбегінің жемісі.

 

Көрме аясында кескіндеме мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары, ұлттық нақышта жасалған бұйымдар, сондай-ақ тәрбиеленушілердің батыл шығармашылық ойын бейнелейтін эксперименттік жобалар ұсынылған.

 

Әсіресе, эпикалық жырлар мен халық аңыздарынан бастау алған көркем дүниелерден бастап заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып жасалған абстрактілі композицияға дейінгі дәстүрлі мұра мен жаңашылдықтың үйлесімі көптің көңілін баурады.

 

Бөлісу