news-img

1 және 2 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен «Respiratory Junction Almaty: Where East meets West» пульмонология бойынша I халықаралық конференция өтті. Ғылыми диалог алаңы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.

Қазақстан, Канада, Қырғызстан және Германиядан келген медицина ғалымдары созылмалы обструктивті өкпе ауруларын емдеудің себептері мен әдістерін талқылады (СОӨА). Өкпе ауруларының бұл түріне шалдыққан адамның тыныс алуы қиындайды, жөтел күшейеді, қақырық шығады және жиі суықтайды.

Конференцияның мақсаты Шығыс пен Батыстың жетекші сарапшылары арасында бүгінгі күнде өзекті өкпе ауруларына қатысты білім мен тәжірибе алмасу.

Форум тақырыбы кездейсоқ емес, өкпе дертімен ауыратын науқастар санының көбеюімен және бұл мәселе ұлттық денсаулық сақтау жүйесін алаңдатады. Әлемде 300 миллионнан астам адам СОӨА ауруынан жапа шегеді – бұл ересек тұрғындардың 10%  құрайды. Ғалымдардың болжамдары бойынша 2020 жылға қарай өлім себебінің негізі бойынша жүректің ишемиялық ауруы мен инсульттан кейін, үшінші орында СОӨА. Алайда аурудың негізгі факторлары - шылым шегу мен ауаны ластаумен күресу секілді шұғыл шараларды қолдану арқылы алдын алуға болады. Бұл Алматы қ. үшін өте маңызды.

 - Бұл норма болмауы керек. ДДСҰ жариялағандай: лас ауа – адамның денсаулығына деген құқықты бұзу. Зиянды ауа әсерін төмендететін шұғыл шаралар қажет. Мемлекеттік деңгейде осы мәселелерді жүйелі түрде шешпесек, денсаулық сақтау жүйесіне елеулі экономикалық залал келтіреді және тыныс алу ағзаларынан ауруынан болатын өлім саны көтерілуі мүмкін, - деп атап өтті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық факультеті деканы, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Жанна Қалматаева.

Конференция барысында қатысушылар түрлі елдерде СОӨА диагностикасы бойынша ғылыми баяндамалар жасады, осы ауруымен ауыратын науқастарды басқару тәжірибесімен бөлісіп, өкпе ауруын зерттеудің кәсіби әдіснамасын талқылады.

Ғалымдар профилактикалық жұмыстарды күшейту және өкпе аурулары бар науқастарды емдеу тәжірибесімен үнемі алмасып отырудан өзге, лас ауаның әсерін төмендетуде азаматтық белсенділікті таныту керектігін баса айтты.

Конференция ұйымдастырушылары 2020 жылы өткізілетін іс-шараны тыныс алу жүйесінің сирек кездесетін түрлеріне және туа біткен респираторлық ауруларға арнау керек деген ниет білдірді.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджері Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz , www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру