Музей мен университет: білім мен тәжірибені ұштастырған әріптестік
16 қыркүйекте Тұңғыш Президент Музейі мен Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Музей мен университет арасындағы серіктестік кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және аудиториямен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдерін іздестіруге жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – жастарды музей өміріне белсенді тарту және олардың мәдени-ағартушылық әрі білім беру жобаларына қатысуына жағдай жасау.

Университетпен өзара іс-қимыл Музейдің білім беру бағытын одан әрі дамытуға, сондай-ақ туризм, сервис, мәдениет және коммуникация салаларындағы болашақ мамандармен байланысты нығайтуға да мүмкіндік береді. Студенттер көрме, экскурсиялық, волонтерлік және мәдени-ағартушылық жобаларға қатысып, музей жұмысының ішкі үдерістерімен танысып, практикалық тәжірибе жинақтай алады.

Музей үшін жас аудиториямен мұндай диалогтың маңызы зор: ол қалыптасқан жұмыс форматтарына жаңаша көзқараспен қарауға, заманауи сұраныстарды тереңірек түсінуге және мәдени мұра туралы айтудың жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.
