«Ұлы Дала тарихы» кітабы Еуропада үздік деп танылды
Ұлы даланың бірнеше мыңдаған жылдар бойы тарихын баяндайтын «Ұлы Дала тарихы» кітабы Прагада «Card Couture Award-2019»-да жоғары марапатқа ие болды. Бұл жыл сайын жеті номинация бойынша берілетін Еуропадағы беделді сыйлықтардың бірі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйлықты табыстау рәсіміне баспа үйлерінің атынан 100-ден астам өтінімдер берілген. Кітаптың мазмұндылығы, оны шығарудағы қолданылған материалдардың жоғары бағасы, қызықты құрылымының арқасында, «Ұлы Дала тарихы» «Үздік кітап» номинациясында жеңімпаз атанды.
Берік Барысбеков – командасымен бірге кітап шығарумен айналысқан танымал баспагер, былай атап өтті: «Ұлы Дала тарихы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры тапсырысы бойынша жазылған. Оның негізінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих ағымында» атты кітабы жатыр. Біз Ұлы даланың бірнеше мыңдаған жылдардағы тарихын көрсете алдық. Онда тек бір ел - Қазақстанның ғана емес, жалпы Ұлы даланың - мұнда өмір сүрген халықтар, рулар, ұлы мәдениеттер туралы тарихы бар».