news-img

Алматы қаласында вокалистер арасында X халықаралық байқау ұйымдастырылды. Шығармашылық жарысқа Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Болгария, Тәжікстан, Әзірбайжан, Монғолия және басқа елдердің музыканттары қатысты. Қазылар алқасын Бибігүл Ахметқызының өзі басқарды.

Сайыс екі турдан, яғни іріктеу мен финалдан тұрды. Іріктеу кезеңі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының кіші залында өтті. Ақтық сынға 14 адам ғана жіберілді.

- Біздің байқау жас дарындарды анықтауды, классикалық музыканы орындаушылар мен танушыларды тәрбиелеуді, сонымен қатар  Қазақстанның өнер саласының беделін арттыруды көздейді. Жас өнерпаздар біздің сайыс арқылы жоғары ұмтылады. Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен бастадық, сол себепті бұл шығармашылық байқаудың деңгейін сақтап қалуға тырысамыз, - деді қазақ бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

Байқаудың мақсаты – жастарға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру. Ал негізгі шарттарының бірі – қазақ музыкасының үздік үлгілерін орындау.

Мерейтойлық байқаудың ақтық сыны да Алматыда өтті. Жас өнерпаздар Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының үлкен сахнасында өнер көрсетті.

список победителей

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру