Тұңғыш Президент Қоры І Халықаралық университеттер Конгресіне қолдау көрсетті
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде І Халықаралық университеттер конгресі өтіп жатыр. Дүние жүзі университеттерінің академиялық элита өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан бұл ірі шараны ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры, G-Global Халықаралық Секретариаты, QS World Wide, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты ұйымдастырды.
Конгресс аясында бірқатар маңызды жоғары деңгейдегі іс-шаралар өтеді: Дүниежүзілік конференция және QS World Wide «Адами мұра мен жоғары технологиялардың үйлесімі негізінде кемелдікке жету» көрмесі, Жібек жолының Университеттер Альянсы Бас Ассамблеясының отырысы, «Тұрақты даму-2030 мақсаттарын (ТДМ-2030) жүзеге асырудағы университеттердің рөлі» бірінші пленарлық сессиясы.
—QS World Wide халықаралық білім беру форумы бірінші Орталық Азияда біздің қаламызда өтіп жатқаны тегін емес. себебі бұл жерде еліміздің жоғары мектебі құрылған және сәтті дамуда. Еліміздегі әрбір үшінші студент Алматыда оқиды. Қазақстандық ЖОО QS World University Rankings-ке алғаш рет 15 жыл бұрын қатысқан. Ол уақытта Қазақстан тек бір университетпен ұсынылған. Келесі жылдары біз уақыт доғалтпай қысқа уақыт ішінде біздің университеттеріміз серпіліс жасай алды. 2019 жылға қарай біздің 10 жоо рейтингке кірді, оның алтауы Алматыда жұмыс істейді, — деді QS World Wide конференциясының ресми бөлімі барысында Алматы әкімі Бақытжан Сагинтаев.
Әлемдік тәжірибеде алғаш рет бір университет базасында қатысушылардың осындай беделді құрамымен бір мезгілде бірнеше ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Оған академиялық орталардың 800-ден астам көшбасшылары- 60-тан астам елдердің университет ректорлары, ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.
Конгресстің мазмұнды үш күндік бағдарламасы отандық жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің дамуын және білім беру қызметтерінің экспорттық потенциалын сараптық талқылауды көздейді.
Делегациялар басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне құттықтау сөзінде Тұңғыш Президент Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов былай деп атап өтті: «Тұңғыш Президент Қоры өз миссиясын басшылыққа ала отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен арттыру үшін барлық жағдай жасайды. Соңғы 10 жылда Қордың сыйлығымен 258 ғылым, мәдениет және өнер өкілдері марапатталды. Ағымдағы жылдың тамыз айында Қор Үкіметпен, өңірлер әкімдерімен, бизнес-қоғамдастықпен және ҮЕҰ бірлесіп, Н. Назарбаевтың дарынды жастарды іздестіруге, дамытуға және қолдауға бағытталған «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыруға кірісті».
Сонымен қатар, Рогов Елбасының Қоры тұрақты инклюзивті өсудің әлеуметтік-экономикалық моделі аясында мемлекет үшін бәсекеге қабілеттілікті арттырудың тиімді мүмкіндіктерін іздеу және анықтау мақсатында ғылыми-практикалық зерттеуді бастайтынын айтты.
Айта кетерлігі, университеттер Конгресін өткізу елдегі жоғары білімнің қарқынды дамуына, осы салаға инвестиция тартуға, Қазақстанның танылуына және оны Орталық Азия білім беру хабына айналдыруға мүмкіндік береді.
ҚазҰУ қабырғасында өтіп жатқан «Тұрақты даму-2030 мақсаттарын (ТДМ-2030) жүзеге асырудағы университеттердің рөлі» бірінші пленарлық сессиясы халықаралық диалог алаңы болады. Оған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Ұлыбританиядан QS Quacquarelli Symonds Ltd аға вице-президенті Бен Соутер, G-Global Халықаралық Секретариаты Басшысының бірінші орынбасары Мұрат Каримсаков, ҚР-дағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Жібек жолы Университеттері Желісінің Бас директоры Сунгдонг Хван, Венгрияның Шетел істері және сауда институтының Аға кеңесшісі және аға ғылыми қызметкері Ласло Ваза, Польшаның Цифрландыру және есептеу технологиялары институтның Директоры Вальдемар Вуйцик қатысады.
Спикерлер атап өткендей, ТБО-ға қол жеткізу үшін жастардың тұрақты дамудың қозғаушы күші мен құндылықтарды тасымалдаушысы болуы маңызды. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында білім және өркениетті құндылықтар орталығы ретінде университеттердің рөлі жоғары. Бұл тұрғыда университеттер тек әрбір түлектің ғана емес, тұтас ұлттың даму траекториясын анықтайтын бастапқы алаңдарға айналады.