news-img

«Аман келешек» балалар мен жасөспірімдерге арналған VI инклюзивті фестиваль қарсаңында Елбасының Қоры қатысушыларға аты аңызға айналған және харизматикалық спикер Ник Вуйчичпен кездесу сыйлады. Бұл игі іске «Синергия» Бизнес Мектебі қолдау көрсетті.

Ник Вуйчич — белгілі мотивациялық оратор, жазушы, меценат және уағыздаушы. Онымен кездесу-қиын өмірлік жағдайларға тап болған және қиындықтарға тап болған көптеген адамдардың арманы.

 

Мүгедектігі бар адамдар үшін Ник – оптимизм мен сенімнің жарқын мысалы, өйткені бұл өмірге құштар адам қолсыз және аяқтарсыз дүниеге келгеніне қарамастан, дүниежүзілік мойындауға қол жеткізді. Тетраамелия синдромы-барлық төрт аяқ-қолдың болмауына әкелетін сирек тұқым қуалайтын ауру. Қорқынышты диагноз өзіне-өзі қол жұмсауға қадам жасауға себеп болды. Алайда, сүйікті ата-аналары туралы ойлар он жасар Никті өз-өзіне қол жұмсау қадамынан уақытында тоқтатты.

 

Бүгінде Ник әлем бойынша кіршіксіз махаббат идеясын насихаттайды. Оның шеберлік сабағына мыңдаған тыңдармандар жиналады. Ал оның шығарған «Шектеусіз өмір» кітабы нағыз бесстселлер болды. Жазуды жалғастыра отырып, ол оқырмандарды бақытта өмір сүруге шабыттандырады. Ник Вуйчич фильмдерге түседі, блог жүргізеді, вебинарлар өткізеді. Ол үйленген ежәне екі ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. Соныменқатар бұл ғажап адам спортпен айналысады, керемет өлең айтады және тамаша әзілкеш.

 

Қордың атынан шеберлік класына билеттерді мүгедектігі бар жастар мен олардың ата-аналары, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар да алды.

 

— Бүгін біз тек мүгедектерді ғана емес. Барлыққоғамды әрекет етуге итермелейтін аты аңызға айналғн мотиватор Ник Вуйчичтың шеберлік сабағына бардық. Және көптеген адамдар оның сөздерінен жылады, себебі оның айтқандары барлығына қатысты. Ол өзі туралы, өмірі туралы, қиын кедергілерді қалай жеңгені туралы айтты. Өзіңнің жалғыз еместігіңді есту сондай маңызды,- деп шеберлік сабағынан алған әсерлерімен бөлісті мүгедектігі бар ару Сабина Касымова.

 

Оның сөздері шабыттандырады және рухтандырады дегеніміз аздық етеді. Никтың энергетикасы мен күш жігері адамды өзгерте алады, санасының шегін кеңейтеді және ішкі психологиялық кедергілерді жеңуге көмектеседі.

 

Ник Вуйчичтың шеберлік сабағына қатысу зор энергия берді және біздің өміріміз шектеусіз екендігін сенімділік ұялатты! Тек біз және біздің жақындарымыз ғана айналамыздағылардың біз туралы ойларын өзгерте алады, мүгедектігі бар тұлғаларға қатысты стереотиптер мен стигмаларды алып тастай алады,- деп қосты мүгедектігі бар жас жігіт Азамат Тажимурат.

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының

қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру