news-img

Алматыда 8 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры «Дегдар» гуманитарлық қорымен бірігіп «Уақыт - байланыстырушы желі» қайырымдылық жобасының аясында Жеңіс Күніне арналған концерт өткізеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залының сахнасында танымал қазақстандық әртістердің орындауында соғыс жылдарындағы сүйікті әндер айтылады. 

Жеңіс Күніне орай қайырымдылық концерттерін өткізу дәстүрін 18 жыл бұрын Дариға Назарбаева бастаған. 2001ж. 6 мамырда ол Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің құрметіне өзінің алғашқы қайырымдылық концертін берді. Содан бері Дарига Нұрсұлтанқызының шығармашылық биографиясында мұндай концерттер дәстүрге айналды. Оның бастамасын шығармашылық интеллигенцияның үздік өкілдері жалғап әкетті. Әртістер риясыз өз өнерлерін сыйлап қана қоймай, жеңімпаздар буынының батырлығы туралы алғыс естелікті сақтауды талап ететін біздің перзенттік борышымыз туралы еске салады.

Жеңіс Күніне арналған концерттің қонақтары, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлері, Қазақстан Республикасының генералдар Кеңесінің өкілдері, Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысушылар, әскери мектептердің курсанттары, сондай-ақ Алматы қ. жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары.

Іс-шараның мақсаты- ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және еңбек ардагерлеріне құрмет пен алғыс білдіру, жауынгерлік әрекеттерге қатысушылардың батырлық істері туралы естелікті сақтау, қазақстандық жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Концерттің мерекелік бағдарламасында соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі жылдардағы композициялар, халықтың музыкалық туындылары айтылады. Ал оларды Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығының лауреаттары - ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтыргузов (баритон) және Медет Шотабаев (тенор); ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гульзат Даурбаева (сопрано); халықаралық конкурстардың лауреаты, «Forte Trio» Мемлекеттік триосының солисті Динара Базарбаева-Сахаман (скрипка), танымал пианиношы, ҚР еңбек сіңіген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Уақыт-байланыстырушы желі» жобасының көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев орындайды.

Көрермендерге аспаптық музыканың әйгілі жауһарларынан тұратын алуан түрлі бағдарлама, сондай-ақ халықтың соғыс туралы сүйікті әндері «Смуглянка», «Где же вы теперь…», «Ана туралы баллада», «Синий платочек», «В городском саду», «Катюша» және т.б. ұсынылады.

Әртістердің өнер көрсетуі дирижер Павел Тарасевичтың басқаруымен «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

Жеңіс Күнін тойлау аясында Тұңғыш Президент Қоры Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне ақшалай сыйлық түрінде материалдық қолдау көрсетеді, сондай-ақ оларға азық-түлік себеттерін сыйлайды.

 

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді 8 мамыр (сәрсенбі) күні сағ. 17:00-де мына мекен-жай бойынша өтетін Жеңіс Күніне арналған мекерекелік концертке шақырамыз: Алматы, Абылай хан даңғ., 90. Толық ақпарат - ТПҚ баспасөз қызметінде.

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

 PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Ольга Савельева

+7 701 808 80 00, savelyeva_olga@mail.ru

Түсініктеме қалдыру