news-img

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның үлкен концерт залында Жеңіс Күніне арналған концерт өтті. «Смуглянка», «Катюша», «Синий платочек» — осы және басқа да әндерді танымал қазақстандық әртістер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап орындады. Жеңіс Күніне орай сүйікті майдан әндерінің концертін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және «Дегдар» гуманитарлық қоры бірігіп ұйымдастырды. 

Жеңіс Күніне арналған алғашқы қайырымдылық концертін осыдан 18 жыл бұрын Дариға Назарбаева берген болатын. Оның бастамасын шығармашылық интеллигенцияның үздік өкілдері жалғап әкетіп, мұндай концерттерді атаулы күннің қарсаңында жақсы дәстүрге айналдырды. Жыл сайын әртістердің өнер көрсетуі- сол қорқынышты соғыстың куәгерлері үшін нағыз музыкалық сыйлық.

Құрманғазы атындағы консерваторияның үлкен концерт залының алдында қонақтарды мамыр вальсінің әуенімен күтіп алды. Ардагерлерді құттықтауға әскери мектептердің курсанттары мен «Ұлттық Ұлан» Ұлттық гвардиясының үрмелі оркестрі де қосылды.

Соғыс жылдарының жан тебірентерлік репертуарымен көрермендер алдында Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығының лауреаттары мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары өнер көрсетті. Баритон Азамат Желтыргузов, тенор Медет Шотабаев, сопрано Гульзат Даурбаева, скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаман және танымал пианиношы Тимур Урманчеев  «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен «В городском саду», «Черноглазая казачка», «Жди меня» және көптеген басқа да халықтың сүйікті композицияларын шырқады. 

Концерт қарсаңында Тұңғыш Президент Қорының қызметкерлері алматылық ардагерлерге барып, оларға ұйым атынан материалдық көмек пен азық-түлік себеттерін табыстады.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

 

Фотограф: Виталий Ткач

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру