Жас ғалымға Қазақстанда өз талантын қалай іске асыруға болады
Кез келген адам үшін кәсіби дағдыларын дамытудың басты шарты- бұл өз талантын пайдалану мүмкіндігі. Ішкі әлеуетін тек өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де іске асыра алатын адам бақытты. Мысалы, өнерлі кондитер әлемге танымал торттады пісіреді, модельер ерекше киімдер тігеді, суретші өзгеше суреттер жазады, ал ғалымды оның пайдалы ғылыми зерттеулерінің арқасында таниды.
Ғылым, мәдениет пен өнердегі талантты қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Тұңғыш Президент Қоры, жас мамандардың кәсіби дамуы үшін көптеген мүмкіндіктер жасауда. Әсіресе, Қор 2008 жылдан бері ғылыми зерттеулер жүргізуге гранттар конкурсын өткізеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда 40 жасқа дейін жас ғалымдардың 54 ғылыми-зерттеу жобасы пайда болды.
Қор қаржыландырған ғылыми жұмыстардың басым көпшілігі іргелі сипатта. Біздің ғалымдардың зерттеулері отандық өндірісте кең қолданыс табуы мүмкін, және кейбіреулері тауып та жүр. Осылайша, ҚазҰУ жас ғалымдар тобы нанокүмісі бар таңу материалдарын өндіру технологиясын әзірледі. Ал ұлттық биотехнология орталығының ғалымы отандық ірімшік өндірісінде қолдану үшін рекомбинантты фермент алды.
Биылғы жылы Тұңғыш Президент Қоры қайтадан жаңа ғылыми зерттеулерді күтеді. Конкурсқа осы парақшада жарияланған ережелердің барлық критерийлеріне сай келетін кез келген қазақстандық ғалым қатыса алады.
Кім біледі - бәлкім, дәл сіздің зерттеуіңіз отандық ғылымды әйгілі етіп, оның нәтижелері қоғам үшін пайдалы болып қалар. Қалай дегенмен де, біз ұзаққа қалдырмай, қазірден бастап ережелермен танысып, өз талантыңызды мәлімдеуге кеңес береміз. Сәттілік тілейміз!
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13
a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz
Фото: ғаламтордан еркін кіруден