news-img

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы атынан Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясының Мүшесі Игорь Рогов  Еуропа Кеңесінің құқығы арқылы демократияға Еуропалық комиссияның 119-ші пленарлық сессиясының жұмысына қатысты. Іс-шара 21-22 маусымда Венеция қаласында (Италия) өтті.

Сессия жұмысына Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Одақтың, ЕҚЫҰ, Венециандық комиссияның басшылығы, шет елдердің конституциялық әділет органдарының, соттар мен парламенттерінің басшылары мен мүшелері қатысты.

Сессияның негізгі бөлігі жекелеген мемлекеттердің заңнамалық актілері бойынша Комиссияның қорытындысын қабылдау мәселелеріне арналды.

Сессия аясында Игорь Рогов халықаралық заң қоғамдастығын еліміздің соңғы саяси-құқықтық өзгерістері туралы хабардар етті. Баяндама отырысқа қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, комиссия басшылығымен жақсы қабылданды.

Бірқатар мемлекеттердің Венециандық комиссиясы мен конституциялық соттарының басшыларымен екі жақты жұмыс кездесулері өтті.

Игорь Рогов Венециандық комиссияның президенті Джанни Букиккиомен елдің заң қоғамдастығының, сондай - ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Комиссия басшылығы жүргізіліп жатқан жұмысқа қанағаттанушылығын және Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

 

Түсініктеме қалдыру