ҮЕҰ арналған SMM: әлеуметтік медиада азаматтық идеяларды жылжыту
Тұңғыш Президент Қоры ұйымдастырған Әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесінде жеңіп алған гранттың арқасында, Алматы Азаматтық орталығы оңтүстік астананың ҮЕҰ өкілдеріне арналған әлеуметтік желілер бойынша workshop ұйымдастырды.
SMM құралдарының көмегімен үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қалай ілгерілетуге болатынын медиа-мамандарға арналған Newreporter.org онлайн-ресурсының бас редакторы Анна Сухачева айтты. Білім беру кездесуіне қоғамдық қорлардың, коммерциялық емес мекемелердің және әртүрлі жастағы заңды тұлғалар қауымдастықтарының мамандары қатысты.
Үш сағаттық практикум қатысушыларға әлеуметтік желілер жұмысының ерекшелігі мен алгоритмдерін ұғуға мүмкіндік берді. Жаттықтырушымен бірге Үкіметтік емес сектордың қызметкерлері пайдаланушылардың типтерін, контент түрлерін, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас принциптерін талқылады.
workshop қатысушылары оқытудағы ең қызықты бөлім сторителлинг бойынша блок болғанын айтты. Өзіне және өзінің жобасына назар аударту үшін әлеуметтік желілерде әдемі хикаялар айту бәрінің қолынан келмейді. Алайда осы семинардың көмегімен, тыңдармандар мінсіз хикая құрудың негізгі ережелерін қарастырды.
ҮЕҰ өкілдері алған білімдерін практикалық жұмыс барысында бекіте алдыү жаттықтырушының басшылығымен әр қатысушы өз жобасын ілгерілету үшін аудиторияны анықтауды, жарнама мақсаттарын қоюды және әлеуметтік жеілердегі жұмыстың оңтайлы стратегиясын таңдауды үйренді.
— Үкіметтік емес сектор елдегі демократиялық процестердің маңызды және тікелей қатысушыларының бірі болып табылады. ҮЕҰ әлеуметтік желілерде болуы- қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды сәтті дамытудың қажетті шарты. Және мұндай workshop`-тар көбінесе интернетте ҮЕҰ жұмысын белсендендіруге және билік пен қоғам тарапынан оларға назар тартуға мүмкіндік береді, — деді «Ақпараттық ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Кобеева.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13
a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz
Фотограф: Виталий Ткач