news-img

«Nazarbayev Fund Schools Challenge» Республикалық жобасының қорытындылары шықты. Оның ұйымдастырушылары ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, Қазақстанның Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Назарбаев Университеті, «Air Astana» АҚ, «Samruk-Kazyna Trust» АҚ, сондай-ақ Крэнфилд Университеті (Cranfield University) болып табылады.   

Мектеп оқушыларының инженерлік-техникалық салалардағы білімдерін тереңдетуге, көлік саласында зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға бағытталған жобаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 100 үздік команда қатысты.

Ақтық мәреге 17 команда іріктеліп алынды. Олардың қатысушылары өздерінің ұшақ ұшуларының тиімділігін жоғарылатуға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдеі мен идеяларын таныстырды. 

Бүгін финалистер арасынан Республикалық жобада үздік деп танылған екі команда анықталды. Жеңімпаз командалар – Павлодар облысының «Single wave» командасы және Ақмола облысының  «Aviators» командасы 2019 жылдың тамызайында Крэнфилд (Ұлыбритания) университетіне бір апталық оқу-танымдық саяхатқа аттанады. Бұл оқу ордасы- аэроғарыштық жобалау және «жасыл» тенологияларды дамыту саласындағы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

         Осы командалардағы балалармен бірге шетелдік саяхатқа әрбір финалист-командадан екі оқушыдан барады.

         - Біз әу бастан жеңіске бағыттадық, оған сендік және біздің қолымыздан келді! Біздің команда ұшақтардың отынын үнемдеуге мүмкіндік беретін, салонның сыйымдылығын, лайнерлердің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін жобаны ұсынды. Бір ай бойы біз ынтамен жұмыс істедік - әрқайсысы өз бағыты бойынша, еңбегіміздің зая кетпененіне өте қуаныштымыз, - дейді «Single wave» командасының мүшесі Дмитрий Никифиров.

        

Түсініктеме қалдыру