news-img

Біздің еліміз шын мәнінде ғылым мен өнердегі нағыз таланттарымен танымал. Жаңа технологиялық әзірлемелер, пайдалы ғылыми зерттеулер, бірегей шығармашылық жобалар мен ұлттық мәдениеттің жауһарлары. Мақтанатын жөніміз бар. Алайда, ғылым мен мәдениеттің дамуына зор үлес қосатын жас қазақстандықтар екендігі одан да зор мақтаныш сезімін тудырады.

Осындай талантты отандастарымыздың бірі ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қайсар Табынов болып табылады. Тұңғыш Президент Қорының трэвел грантының арқасында жас ғалым Чикагодағы CRWAD жануарлар аурулары саласындағы ғылыми жұмыскерлердің жыл сайынғы конференциясында сөз сөйледі.

CRWAD — Conference of Research Workers in Animal Diseases — бұл биылғы жылы 100 жылға толатын беделді ғылыми алаң. Әлемдегі ең ірі конференцияның қатысущылары танымал ғалымдар, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы ауруларының таксономия, патология, диагностика және профилактикасы саласындағы жетекші мамандар болып табылады.

Қазақстандық ғалымның осындай деңгейдегі шарада сөз сөйлеуі- айтулы және құрметті оқиға. Қайсар «Тәжірибеге енгізу сатысында тұрған тұмаудың вирустық векторлары негізінде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы жаңа вакцина»  тақырыбында баяндама жасады. Айта кетерлігі, бұл вакцина 2019 жылдың қаңтарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелген болатын және қазірде ол тәжірибе қолдануға жарамды.

Ғалым үшін, әсіресе жас ғалым үшін, CRWAD алаңдарында жұмыс істеу– бұл жер шарының әр түрлі елдерінен келген әріптестерімен өз зерттеулерін, тың әзірлемелерін және ғылыми ізденулерін бөлісудің тамаша мүмкіндігі.

Біздің грант иегерінің баяндамасы тұмаудың вирустық векторлары негізінде ІҚМ бруцеллезіне қарсы әлемдегі бірінші вакцинаны әзірлеу бойынша көпжылдық еңбектің нәтижелерін қамтыды. Жас профессордың баяндамасы ғылыми қоғамның қызығушылығын тудырды. Соңғы 20 жылда отандық ғылым қолданыстағы препараттарды алмастыруға және бруцеллезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға қабілетті нақты вакцина әзірледі.

Қайсар Табыновтың Чикаголық конференцияда сөз сөйлеуі, сөзсіз, мемлекетіміздің әлемдік ғылыми қауымдастық алдындағы беделін арттыруға үлкен үлес қосты.

Түсініктеме қалдыру