Алматыда ағылшын құқығы принциптерін имплементациялау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті
2019 жылғы 15-16 шілде күндері Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ағылшын құқығы бойынша арнайы дәрістер курсын құруға байланысты студенттер мен магистранттар үшін дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің жұмысын ашқан Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы Жалаири Өмiрәлi Шақарапұлы жаһандандыру жағдайында ағылшын жалпы құқығының принциптерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына имлементациялаудың перспективаларын атап өтті. Ағылшын құқығы өзінің берік сипаты және жоғары сапасының өзгермейтіндігі үшін сот билігінің элиталық корпусын құрайтын соттарға міндетті. Осы аспектіде ағылшын құқығының қызмет ету саласында жинақталған көп ғасырлық тәжірибе ерекше назар аударуға тұрарлық. Қазақстандық құқықтағы проблемалардың өзектілігі Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелерінің көпшілігінде ортақ болып табылатын құндылықтарға негізделуімен де түсіндіріледі.
Іс-шараға Алматы қ. жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» аясында ағылшын жалпы құқығының принциптерін Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне имплементациялаудың перспективалары туралы мәселелер талқыланды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесінің Венециялық Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының доктторы, профессор Игорь Роговтың пікірі бойынша, «имплементация мультипликативті әсерге ие болды, яғни қазақстандық құқықтың барлық салаларына, соттардың қызметіне ықпал етеді».
Сорбонна – Қазақстан Институтының директоры, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Сәбитова өз сөзінде келесі мәселелерге тоқталды: «Қазіргі заманғы заңгерлерді дайындау біздің студенттеріміздің, магистранттарымыздың Ұлттық заңнамалармен қатар Сорбонна – Қазақстан институтында жасалғандай шетелдік мамандарды шақыра отырып, прецеденттік құқық элементтеріне оқытылуын талап етеді», – деді.
Сондай-ақ ҚР Әділет министрлігі жанындағы ҚР Заңнама және құқытық ақпарат институтының директоры Рамазан Сарпеков сөз сөйледі. Ол қазақстандық құқықтық жүйеге ағылшын құқығы принциптерін имплементациялаудың мақсаттылығы бәсекеге қабілеттілікті сақтауға ұмтылумен және әлемдік стандарттарды қолдану қажеттілігімен шартталатынын атап өтті.