news-img

Климаттың өзгеруіне бейімделу, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және мал өнімділігінің өсуі, егіс жұмыстарын уақытында жоспарлау, өнім өндіру шығындарын төмендету және оның сапасын арттыру – бұл 25 елдің жас ғалымдары мен зерттеушілері ұсынған агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мүмкіндіктерінің аз бөлігі ғана. «Жас ғалымдар диалогы: Science Talks» атты Халықаралық ғылыми форумды Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым кеңестің қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.

Форум жұмысын ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик Тілектес Есполов ашты, ол өз баяндамасында еліміздегі аграрлық ғылым ерекшеліктерінің негізгі тұстарын белгілеп, жас ғалымдар мен студент жастардың оның дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Жас ғалымдарды АӨК ғылыми-зерттеу қызметінде белсендірудің маңыздылығын Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңес мүшесі, Satbayev University қауымдастырылған профессоры, PhD Ермек Тоқтаров атап өтті. Ол өз сөзінде Қазақстан жастар ғылымының жарқын өкілі форумға қатысушыларға гранттық және стипендиялық бағдарламалар арқылы жас талантты ғалымдарды қолдау және ынталандыру контексіндегі Тұңғыш Президент қорының қызметін, сондай-ақ жалпы еліміздің Білім және ғылымын дамыту үшін Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің рөлін таныстырды.

Таяу және алыс шетелдерден келген жас ғалымдар мен сарапшылар әлемдегі ауыл шаруашылығы мәселелерін ашып көрсететін ғылыми баяндамалармен сөз сөйледі, сондай-ақ АӨК дамыту үшін сандық шешімдердің мүмкіндіктері бойынша өз идеялары мен пайымдауларын ұсынды.

- Зияткерлік цифрлық шешімдер ауыл шаруашылығы саласына еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты даму мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс. Қазақстанда цифрландыруды жедел енгізу үшін 2017-2020 жылдарға арналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда «цифрлық экожүйені прогрессивті дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады» деген міндет қойылды, - деді ҚазҰАУ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Бекзат Төрегелдиев.

Түсініктеме қалдыру