news-img

«Елбасы Академиясы» КҚ El Úmiti онлайн даму платформасы үшін үздік идея конкурсының қорытындысын жариялайды.

Біз қойылған міндеттерді шешуде көрсеткен бірегей және батыл идеялары, энтузиазм үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Конкурс кезінде бізге республиканың барлық өңірінен 180-нен астам өтініш келіп түсті. Айта кететін жайт, конкурстың барлық қатысушылары арасында студенттер де, жас, сондай-ақ, тәжірибелі мамандар да бар. Сонымен қатар, өтінішті Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобаларының қатысушылары да өтініш берген.

Сіздердің El Úmiti  платформасына қатысты бірегей идеяларыңыз, креативті тәсілдеріңіз бен тың көзқарастарыңыз оны барынша өнімді де тартымды етуге жол ашары анық. Бұл өз кезегінде платформаны қазақстандықтар үшін қажетті ақпаратты тауып, өздерінің әлеуетін кеңейту мүмкіндігіне қол жеткізуге жол ашатын, барынша түсінікті, қолжетімді құралға айналдырады.

Конкурстың ережелеріне сәйкес, конкурстық комиссияның отырысы болып, үздік идея авторы таңдалды. Аталмыш үздік идеяның авторы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенті Оралбай Мырзақұлов болып табылды. Ол «Онлайн-кіапхана» (100 жаңа оқулық) идеясының авторы. Жақында Оралбай  100 000 тг жүлдеге қол жеткізеді. Ал онлайн платформа командасы авторлық идеяны іс жүзінде жүзеге асырады.

Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Біз конкурстың барлық қатысушылары  El Úmiti порталын қолдануларын жалғастыратындығына және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы Академиясы» КҚ өзге де жобалары мен байқауларында бақ сынап көретіндігіне үміт артамыз және сенеміз.

 

Түсініктеме қалдыру