news-img

Материалды беру ерекшелігі, процестер мен құбылыстардың мәнін, жарияланатын тақырыптың тереңдігін шығармашылықпен көрсете білу - бұл журналистің кәсіби деңгейін көрсетеді.

Төртінші жыл қатарынан Кітапхана мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры БАҚ қызметкерлері арасында "Қазақстанның Тәуелсіздігі және Елбасы " байқауын ұйымдастырып келеді.                  

Байқау еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жариялау, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату мақсатында өткізіледі.

          Осы жылдың байқауды өткізудің ерекшелігі - оның халықаралық мәртебеге ие болғаны. "Шетелдік БАҚ-тардағы үздік жарияланым" атты жаңа номинация бекітілді. Аталмыш номинация бойынша Әзірбайжан, Германия, Ресей, Түркия және Жапония журналистері өз жұмыстарын жіберді.

          ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан байқауға қатысушыларға арнаған өзінің құттықтау сөзінде: «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатын жүзеге асырудың арқасында біздің еліміз барлық салада қарқынды өсу үшін негіз қалыптастырды және бүгінгі таңда әсерлі табыстарға қол жеткізді. Біз алдымызға мақсат қоя отырып, алға қарай нық қадам басып келеміз. Оларды іске асыру да, Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ қойған міндеттерді жүзеге асыру сияқты, халықтың қолдауынсыз, қазақстандықтардың мемлекеттік бағытты түсінбеуінсіз мүмкін болмаған болар еді. Бұл жерде БАҚ үлкен рөл атқарады. Өйткені олар қоғамдық пікірге әсер етеді, қоғамның қандай да бір құбылыстар мен процестер туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, БАҚ жұмысының арқасында ұйымдардың, шенеуніктердің тарапынан өз жұмысын көруге, белгілі бір кемшіліктерді байқауға және оларды түзетуге мүмкіндігі бар. Байқау жеңімпаздарын құрметтей отырып, біз бұқаралық-медианың ең үздік өкілдерінің бірін атап өткіміз келеді, сіздің маңызды еңбегіңіз үшін ризашылығымызды білдіргіміз келеді» - деп атап өтті.

Қарауға 5 номинация бойынша 532 жұмыс келіп түсті, оның ішінде қазақ тілінде – 277, орыс тілінде – 222, шет тілінде – 33 жұмыс бар.

Бірінші орын иегерлері 1 миллион теңге, екінші орын – 500 мың теңге, үшінші орын иегерлері – 200 мың теңге ақшадай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, жүлдегерлерге төсбелгілер мен дипломдар табыс етілді.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» номинациясы бойынша журналист «Атырау-Ақпарат» ЖШС журналисі Хайрат Сатаев жеңіске жетті.

"Хабар" телеарнасы Талдамалық бағдарламалар бөлімінің Бас редакторы Әбдіуақит Дархан Тайғарұлы "Үздік телевизиялық материал" номинациясы бойынша үздік атанды.

 "Үздік радиоматериал" номинациясы бойынша бірінші орынды "Шалқар" радиосының жүргізушісі, редакторы Нұрмат Мансур иеленді.

"Интернет - БАҚ-тағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша "Qazaqstan tarihy" порталының редакторы Арман Сүлейменов жеңімпаз атанды.

"Шетелдік БАҚ-тардағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша "Yenicag.Az-Новая Эпоха" газетінің редакторы Рустам Гасымов жеңімпаз атанды.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру