news-img

6 желтоқсанда Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім Министрлігінің және Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен "Жас ғалымдар диалогы" халықаралық форумы өтеді. Пікірталас алаңы IV халықаралық агротехнологиялық саммит аясында өтеді.

"Жас ғалымдар диалогы" форумы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған Жастары жылы мен Ресейдегі Қазақстан жылы аясында бастау алды.

Форумның мақсаты – қазіргі ғылымның өзекті міндеттерін шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру және шығармашылық белсенділігін дамыту.

Форум бағдарламасында ауыл шаруашылығын цифрландыру, агроинженерия, жер ресурстарын басқару, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, ветеринарлық медицина, азық-түлік және тағам қауіпсіздігі, экономика, акваөсіру және т. б. саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша жас ғалымдардың баяндамалары.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры жанындағы Ғылым кеңесінің, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім Министрлігінің, Ресей Ғылым Академиясының жас ғалымдар Кеңесінің өкілдері, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдар Кеңесінің төрағалары қатысады.

Форум жаңа, табысты ғылыми топтардың қалыптасуын, жастарды зерттеу мен әзірлемелер саласына тартуды, ғылыми қоғамдастықтың ғылыми-технологиялық байланыстарын кеңейтуді және нығайтуды, инновациялық зерттеулер бойынша пікірталастарды және т. б. қарастырады.

Өткізілетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы 8, сағат 09:00-де, бас ғимарат, 82- аудитория, Қазақ ұлттық аграрлық университеті.

Сілтеме бойынша тіркелу: https://forms.gle/j1PCE6j7bCKS3qDK9

Анықтама алу телефоны: 8 707 255 91 97

 

Түсініктеме қалдыру