Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады
Әсерлі және тартымды оқиғалар, жан тебірентер сезімтал, жалынды өлеңдер - «Алтын тобылғы» әдеби байқауына қатысқан жас ақындар мен жазушылардың шығармаларының денін осылай сипаттауға болады.
Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алтыншы рет ұйымдастырды. Жыл сайын жоба шығармашыл жастардың назарын аударып, қаламдарының ұшталуына шабыт беріп келеді.
Биылғы жылы пандемия өз түзетулерін енгізді, сондықтан байқау жеңімпаздарын жариялау онлайн режимінде өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев іс-шараның ашылу салтанатында: «Алтын тобылғы» - жылдан жылға танымалдылыққа ие болып келе жатқан жобалардың бірі. Егер 2015 жылы байқауға қатысуға 120 шығарма берілсе, биыл авторлардан Қазақстанның барлық өңірлерінен 161 жұмыс келіп түсті. Біз әр қатысушыға байқауға қызығушылық танытқаны үшін, ерекше шығармалары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті.
Қанат Жұмабаевтың айтуынша, байқауға қатысқан жас қалам шеберлерінің шығармалары өмірден алынған шынайы және ойдан шығарылған қызықты оқиғалар. Олар адамдардың ізгілігіне, адамгершілік қасиеттеріне, еліміздің ұлы тұлғаларына, Қазақстанның дәстүрлері мен жетістіктеріне арналған.
Құрамына журналистика ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері енген қазылар алқасының мүшелері жас авторлардың туындылары қоғамда рухани құндылықтарды нығайтуға, елімізде әдеби шығармашылықты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.
Биыл Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайдың 175 жылдығына арналған шығармалар» арнайы сыйлығы тағайындалды.
Байқау жеңімпаздары:
- «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясында – Жәнібек Әлиманов, Қарағанды қаласы («Дала жырлары» шығармасы);
- «Жылдың үздік прозасы» - Нұр-Сұлтан қаласынан келген Бақытбек Хадыр («Мәжусилер»);
- «Жылдың үздік балалар шығармасы» - Есеманов Хамит, Тараз қаласы («Күннен келген Батыр»);
- «Жылдың үздік драматургиясы» - Алматы облысынан келген Мұрат Қолғанат («Куәгер»).
Жоғарыда аталған жеңімпаздардың әрқайсысы 2 миллион теңгеден алды.
Қазылар алқасының мүшелері «Абайдың 175 жылдығына арналған шығармалар» арнайы сыйлығының жеңімпазын анықтау барысында, сыйлықты екі қатысушыға тағайындауды жөн деп санады. Олар – Алматы қаласынан Умтыл Зақан («Шыңғыстау Мінжат. Хакім» шығармасы) және Бағашар Тұрсынбайұлы («Жас Абай». Олар әрқайсысы 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақы алды.